Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту және «Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «29» желтоқсандағы № 919 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 2 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 13.11.2018 жылғы № 746 Қаулысына сәйкес
Редакция 25.05.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.12.2017 жылғы № 882 Қаулысына сәйкес (22.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.01.2018 жылы № 16 (28645) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар Бағдарламаны іске асыру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Жергілікті атқарушы органдар ай сайын Бағдарламада көрсетілген мерзімдерде Бағдарламаның бағыттары бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым, Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне Бағдарлама іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат, оның ішінде Бағдарламаны іске асыру шеңберінде бөлінетін қаражаттың пайдаланылуы туралы жиынтық ақпарат берсін.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.06.2017 жылғы № 390 Қаулысына сәйкес (29.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.06.2017 жылы № 120 (28499) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.06.2017 жылғы № 390 Қаулысына сәйкес (29.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.06.2017 жылы № 120 (28499) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5. «Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 77-78-79, 583-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
реттік нөмірі 5-жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 6-жолмен толықтырылсын:
6. |
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі |
2017 – 2021жылдар ». |
6. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген
"Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы
Бағдарлама тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.12.2017 жылғы № 882 Қаулысына сәйкес (22.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.01.2018 жылы № 16 (28645) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Паспорт (негізгі параметрлер)
1-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.06.2017 жылғы № 390 Қаулысымен (29.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.06.2017 жылы № 120 (28499) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 1-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.12.2017 жылғы № 882 Қаулысымен (22.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.01.2018 жылы № 16 (28645) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 1-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.04.2018 жылғы № 216 Қаулысымен (26.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Атауы |
"Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы |
Әзірлеу үшін негіздеме |
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 9 қыркүйектегі кеңейтілген отырысының № 01-7.8 хаттамасы |
Бағдарламаны әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік органды көрсету |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі – Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша |
Мақсаты |
Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту |
Міндеттері |
1. Еңбек нарығының қажеттілігін есепке ала отырып техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау. |
Іске асыру мерзімдері |
2017 – 2021 жылдар |
Нысаналы индикаторлары |
Бағдарламада қойылған міндеттерді орындау жолымен 2021 жылға қарай мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізіледі: |
Қаржыландыру көздері және көлемі |
республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат: 2017 – 40 295 647 мың теңге; 2018 – 67 392 995 мың теңге; 2019 – 41 540 291 мың теңге; 2) жергілікті бюджет есебінен бөлінетін қаражат: 2017 – 45 038 436 мың теңге; 2018 – 45 391 093 мың теңге; 2019 – 45 453 119 мың теңге |
2. Кіріспе