Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
 Қаржы Министрінің
2014 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 587 бұйрығына
92-қосымша
92-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 21.06.2016 жылғы № 324 Бұйрығына сәйкес (25.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Шағын бизнес субъектілері үшін салық есептігін (оңайлатылған декларацияны) жасау қағидалары (910.00-нысан)
Осы редакция 31.10.2016 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды 
1. Осы Шағын бизнес субъектілері үшін салық есептігін (оңайлатылған декларацияны) жасау қағидалары (910.00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі ) сәйкес әзірленген және жеке (корпоративтік) табыс салығын және әлеуметтік салықтарды, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын, әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеуге арналған шағын бизнес субъектілері үшін салық есептілігі (оңайлатылған декларация) нысанын (бұдан әрі – декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілері жасайды.
2. Осы Қағидалар 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап салық есептілігін табыс ету бойынша міндеттемелерге қолданылады.
3. Декларацияны толтыру кезінде түзетулерге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
4. Сомалардың теріс мәндері декларацияның тиісті жолының сол жақ бірінші торкөзінде «–» белгісімен көрсетіледі.
5. Көрсеткіштер болмаған кезде декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды.
1) қағаз жеткізгіште – қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
2) электрондық жеткізгіште – нысандар Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады. 
7. Декларацияға Салық кодексінің 61-бабы 3-тармағына сәйкес салық төлеуші не болмаса оның өкілі қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда оның атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің не болмаса оның өкілінің мөрімен куәландырылады.
1) келу тәртібінде қағаз жеткізгіште – екі данада жасалады, бір данасы мемлекеттік кірістер органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;
2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз жеткізгіште – салық төлеуші пошта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;
3) электронды түрде – салық төлеуші салық есептілігін мемлекеттік кірістер органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің салық есептілігін қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы хабарлама алады.
9. «Салық төлеуші (салық агенті) туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде салық төлеуші (салық агенті) мынадай деректерді көрсетеді:
1) ЖСН/БСН – салық төлеушінің (салық агентінің) жеке сәйкестендіру нөмері (бизнес-сәйкестендіру нөмері); 
Полная версия
ИС BestProfi