Близость слов: Окончание:





«Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы техникасының және ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы техникасының және ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының және ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары бекітілсін.  
2. «Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі сондай-ақ ауыл шаруашлығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 232 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13816 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 шілдедегі «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:  
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.  
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.  
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.  
Қазақстан Республикасы
Премьер–Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________________  Б.Сұлтанов
2016 жылғы «__» ______________

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________________  Қ. Бишімбаев
2016 жылғы «__ » ____________
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2017 жылғы «___» _________
№ ______ бұйрығымен 1-қосымша
Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі , сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары
1. Осы Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1 тармағының 41) тармақшасына сәйкес әзірленді және тиісті қаржы жылына арналған бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде (бұдан әрі – субсидия) Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2. Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялаудың негізгі мақсаты агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі – АӨК) субъектілеріне қаржылық қызметтердің қолжетімдігін арттыру болып табылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Полная версия
ИС BestProfi