Близость слов: Окончание:





«Мектепке дейінгі, орта, қосымша, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарының педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 92 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасы
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Мектепке дейінгі, орта, қосымша, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарының педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 92 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1. «Мектепке дейінгі, орта, қосымша, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарының педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 92 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13306 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 6 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 78), 79), 80), 81), 82), 83), 84), 85), 86), 87), 88), 89), 90), 91), 92), 93), 94), 95), 96) тармақшалармен толықтырылсын:
«78) осы бұйрыққа 78-қосымшаға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына (меңгерушілеріне) арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «М. Монтессори жүйесінің тұжырымдамалық идеяларын енгізу жағдайында мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық процесін басқару» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;
79) осы бұйрыққа 79-қосымшаға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына (меңгерушілеріне) арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру сапасын бағалау технологиясы ретінде педагогикалық квалиметрияны пайдалану» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;
80) осы бұйрыққа 80-қосымшаға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына (меңгерушілеріне), әдіскерлеріне арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Мектепке дейінгі ұйымдардағы апатты жағдайлар қаупін төмендету» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;
81) осы бұйрыққа 81-қосымшаға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына (меңгерушілеріне), әдіскерлеріне арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Мектепке дейінгі ұйымдарды басқарудың инновациялық амалдары» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;
82) осы бұйрыққа 82-қосымшаға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына (меңгерушілеріне), әдіскерлеріне, қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектепалды топ тәрбиешілеріне арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру мазмұнының сабақтастығын қамтамасыз ету» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;
83) осы бұйрыққа 83-қосымшаға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына (меңгерушілеріне), әдіскерлеріне, қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектепалды топ тәрбиешілеріне арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары тәрбиешісінің іс-әрекетінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;
84) осы бұйрыққа 84-қосымшаға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының директорларына арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Көшбасшылық – педагогикалық ұжымды табысты басқарудың негізгі факторы» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;
85) осы бұйрыққа 85-қосымшаға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының директорларына арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайындағы басқарушылық қызмет және менеджмент» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;
86) осы бұйрыққа 86-қосымшаға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының директорларына арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Білім беру сапасын басқаруда корпоративтік орта құру» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;
87) осы бұйрыққа 87-қосымшаға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының директорларына арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Білім беру мазмұнын реформалау жағдайында шағын жинақталған мектептің оқу процесін ұйымдастыру» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;
88) осы бұйрыққа 88-қосымшаға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Педагог-тәрбиешінің кәсіби құзыреттілігін дамытуды тиімді басқару» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;
89) осы бұйрыққа 89-қосымшаға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Білім беру ұйымдарында кәмелетке толмаған балалар арасында суицидті мінез-құлықтың, зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;
90) осы бұйрыққа 90-қосымшаға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Орта білім беру ұйымдарында апатты жағдайлар қаупін төмендету» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;
91) осы бұйрыққа 91-қосымшаға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Мектеп оқушылары арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуды басқарудың құзырлылық амалы» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;
Полная версия
ИС BestProfi