Осы Заң Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді.
Данный документ находится в процессе изменения
Сот-сараптама қызметі туралы Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 10 ақпандағы № 44-VI Заңы
Осы Заңда бүкіл мәтін бойынша «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің», «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі», «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің талап арызы», «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне», «мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің», «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы» деген сөздер тиісінше «Уәкілетті органның», «уәкілетті орган», «уәкілетті органның талап арызы», «уәкілетті органға», «мәселелері бойынша уәкілетті органның», «уәкілетті органның сот сараптамасы» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 14.07.2026 жылғы № 350-VIII Заңына сәйкес (11.06.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 14.07.2026 жылғы № 350-VIII Заңына сәйкес (өзгерту ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне және ҚР Қылмыстық-процестік Кодексіне тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
Редакция 26.07.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда қамтылған кейбір ұғымдарды түсіндіру
Осы Заңда қамтылған ұғымдар мынадай мағынада қолданылады:
1) арнайы ғылыми білім – мазмұнын сот-сараптамалық зерттеулердің әдістемелерінде іске асырылған ғылыми білім құрайтын арнайы білім саласы;
2) валидация – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілетін, сот-сараптамалық зерттеудің әдістері мен әдістемелерін пайдаланудың жарамдылығын бағалау;
3) сараптама мамандығы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу саласындағы сот сарапшысының біліктілігін берумен расталған сот сарапшысының ғылыми құзыреті;
4) сарапшының қорытындысы – Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ресімделген, сот-сараптамалық зерттеудің барысы мен нәтижелерін көрсететін жазбаша құжат;
5) сот-сараптама қызметі – сот сараптама органдарының және сот сарапшыларының сот сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі қызметі;
6) сот-сараптамалық зерттеу әдістемесі – сот сараптамасының нысанасына қатысты нақты деректерді анықтау үшін сот сараптамасы объектілерін зерделеу кезінде қолданылатын әдістер жүйесі;
7) сот-сараптамалық зерттеу әдісі – сот сараптамасының нысанасына қатысты нақты деректерді анықтау үшін сот сараптамасы объектілерін зерделеу кезінде қолданылатын логикалық және (немесе) аспаптық операциялар (тәсілдер, әдістер) жүйесі;
8) сот сараптамасы – шешілуі үшін маңызы бар нақты деректерді анықтау мақсатында арнайы ғылыми білім негізінде жүргізілетін қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істің не әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің материалдарын зерттеу;
8-тармақша өзгертілді ҚР 14.07.2026 жылғы № 350-VIII Заңымен (11.06.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) сот сараптамасының нысанасы – сот сараптамасын жүргізу арқылы анықталатын қылмыстық, азаматтық істі не әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі шешу үшін маңызы бар нақты деректер;
10) сот сараптамасының объектілері – заттай дәлелдемелер, құжаттар, адамның денесі, адамның психикалық жай-күйі, мәйіттер, жануарлар, үлгілер, сондай-ақ сот сараптамасы жүргізілетін іс материалдарында қамтылған, сот сараптамасының нысанасына қатысты мәліметтер;
11) сот сараптамасы органы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік заңды тұлға;
12) сот сарапшысы – арнайы ғылыми білімі бар және заңда белгіленген өзге де талаптарға сай келетін, өзіне сот сараптамасын жүргізу тапсырылған, іске мүдделі емес жеке тұлға;
13) сот сарапшысын аттестаттау – сот сарапшысының заңда белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келуін айқындау бойынша мерзімді түрде жүзеге асырылатын рәсім;
14) сот сарапшысының біліктілігі – сараптаманың белгілі бір түрінің объектілерін зерттеу мақсатында кәсіби білімі бар адамның мақсатты даярлықтан өтуі арқылы алған білімінің, машықтары мен дағдыларының кешені;
Полная версия

