Близость слов: Окончание:





«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
«28) «осы бұйрыққа 28-қосымшаға сәйкес «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру»;
келесі мазмұндағы 34), 35), 36) тармақшалармен толықтырылсын: 
«34) осы бұйрыққа 34-қосымшаға сәйкес «Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген тұлғаларды тіркеу»;
35) осы бұйрыққа 35-қосымшаға сәйкес «Инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы және зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі»; 
36) осы бұйрыққа 36-қосымшаға сәйкес «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу.»;
осы бұйрыққа 28 қосымшаны 1 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес 34, 35, 36-қосымшалармен толықтырылсын. 
«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызмет Стандартын қосымша 2, осы бұйрықпен бекітілген, осы бұйрыққа 5 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндау; 
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
1-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Стратегиялық даму департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Полная версия
ИС BestProfi