Близость слов: Окончание:





«Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 4-1/398бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 4-1/398бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
1. Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 4-1/398 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11411 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған)мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартыосы бұйрыққа қосымшаға сәйкесжаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;  
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі тіркегенкүннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесініңресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;  
3) осы бұйрықтыҚазақстан Республикасы Әділет министрлігімемлекеттік тіркегенкүнненкейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі___________ Д. Абаев
2017 жылғы«___» _________

«КЕЛІСІЛДІ»
ҚазақстанРеспубликасының
Ұлттық экономика министрі 
____________ Т. Сүлейменов 
2017 жылғы«___» _________
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2017 жылғы «__»_______
№ ___ бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 4-1/398 бұйрығымен
бекітілген
«Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметстандарты
1. «Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Полная версия
ИС BestProfi