«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы № 412 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысы
Осы Қаулына өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР Үкіметінің 22.07.2024 жылғы № 582 Қаулысына сәйкес (өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 23.12.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті одан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетін бөліп шығару жолымен;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетін қосу жолымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті болып;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті болып;
3) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері – мемлекеттік мекемелері;
5) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мемлекеттік заңды тұлғалары қайта аталсын.
3. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі осы қаулының 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген мемлекеттік заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті осы қаулының 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген мемлекеттік заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
4. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi туралы ереже (бұдан әрі – Ереже);
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiнiң күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 5 қазандағы заңдарына сәйкес Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының 152-3), 152-4), 152-5), 152-6), 152-7),152-8) және 152-9) тармақшаларын және ведомстволар функцияларының 20) тармақшасын қоспағанда, 2019 жылғы 19 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 19.03.2019 жылғы № 131 Қаулысына сәйкес (24.01.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Полная версия