Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., №59-60, 555-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:  
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) стратегиялық жоспарлау, салық және бюджет саясаты, сондай-ақ кеден ісі саласындағы саясат, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш, мемлекеттік жекешелік әріптестік, мемлекеттік инвестициялық жобалар, бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу, табиғи монополиялар, қоғамдық маңызы бар нарықтар саласындағы, халықаралық экономикалық және қаржы қатынастары, оның ішінде халықаралық экономикалық интеграцияны реттеу, экспортты ілгерілетуді қоспағанда, сыртқы сауда қызметін реттеу және дамыту, сауда қызметін реттеу, мемлекеттік активтерді басқару, оның ішінде корпоративтік басқару сапасын арттыру, мемлекеттік басқару жүйесін дамыту, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту;»;  
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) телекоммуникация және почта байланысы аясындағы салаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар салаларында, қоғамдық маңызы бар нарықтар саласында реттеу мен бақылау, сондай-ақ "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметін бақылау мен реттеу;»;  
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) табиғи монополиялар, қоғамдық маңызы бар нарықтар саласындағы;»;
61), 263), 319), 339-22) және 339-23) тармақшалар алып тасталсын;
62) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«62) табиғи монополияларды реттеу саласында, қоғамдық маңызы бар нарықтарда саясатты қалыптастыру бойынша жұмысты үйлестіру;»;
мынадай мазмұндағы 64-3), 64-4), 64-5), 64-6), 64-7), 64-8), 64-9) тармақшалармен толықтырылсын:
Полная версия
ИС BestProfi