Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті «Қазақавтожол» шаруашылық құқық иелігіндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорынды қайта құру» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті «Қазақавтожол» шаруашылық құқық иелігіндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорынды қайта құру
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті «Қазақавтожол» шаруашылық құқық иелігіндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорыны осы қаулыға қоса берілген 1-қосымшасына сәйкес жарғылық капиталында мемлекеттің жүз пайыз қатысу үлесімен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне (бұдан әрі - Серіктестіктер) өзгерту арқылы қайта құрылсын.
2. Серіктестіктердің негізгі қызмет мәні жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, көгалдандыру және ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп, белгіленген заңнама тәртібінде қамтамасыз етсін:
2) Серіктестіктің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін:
3) Серіктестіктің жарғы капиталындағы мемлекеттік қатысудың үлесін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне беруді;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды.
4. Осы қаулыға қоса берілген 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі - өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы « ___ »
№ қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Қазақавтожол» шаруашылық құқық иелігіндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорынын қайта құру нәтижесінен құрылған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізімі
 

р/с №

Атауы

Орналасу орны

1

«Ақмолаавтожол»

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Астана қаласы

2

«Ақтөбеавтожол»

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Ақтөбе қаласы

3

«Алматыавтожол»

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Алматы қаласы

4

«Атырауавтожол»

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Атырау қаласы

5

«Батысавтожол»

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Орал қаласы

6

«Жамбылавтожол»

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Тараз қаласы

7

«Шығысавтожол»

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Өскемен қаласы

8

«Қарағандыавтожол»

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қарағанды қаласы

9

«Қызылордаавтожол»

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылорда қаласы

10

«Қостанайавтожол»

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қостанай қаласы

11

«Маңғыстауавтожол»

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Ақтау қаласы

12

«Павлодаравтожол»

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Павлодар қаласы

13

«Солтүстiкавтожол»

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Петропавл қаласы

14

«Оңтүстiкавтожол»

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Шымкент қаласы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы « ___ »
№ қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
Полная версия
ИС BestProfi