Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 16.06.2025
Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрінің 
2015 жылғы 27 ақпандағы 
№ 149 бұйрығымен 
бекітілген
Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидалары
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 08.08.2018 жылғы № 8 Бұйрығына сәйкес (27.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар жөзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.03.2019 жылғы № 17 Бұйрығымен (08.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.03.2022 жылғы № 28 Бұйрығына сәйкес (06.03.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрық 2025 жылдың 16 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 02.06.2025 жылғы № 48 Бұйрығына сәйкес
Редакция 26.11.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Осы Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 4-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау тәртібін (бұдан әрі – даму жоспары) айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 02.05.2024 жылғы № 22 Бұйрығына сәйкес (30.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 02.05.2024 жылғы № 22 Бұйрығына сәйкес (30.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) атқарушы орган – алқалы орган немесе атауы компанияның жарғысында айқындалатын атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға;
2) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспары (бұдан әрі – даму жоспары) – Ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның онжылдық кезеңге арналған миссиясын, пайымын, стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін айқындайтын және негіздейтін құжат;
3) компания – акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар;
4) электрондық есеп – ұлттық куәландырушы орталық берген және мемлекеттік мүлік тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) енгізу үшін дайындалған, компанияның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылатын даму жоспарының мәтінін және/немесе қосымшаларымен оның іске асырылуын бағалауды және/немесе тиісті саланың уәкілетті органы басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылатын даму жоспарының іске асырылуын мониторингтеу нәтижелерін қамтитын есеп.
3. Компанияның даму жоспары Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары ескеріле отырып, он жылдық кезеңге бір рет әзірленеді.
4. Компанияның даму жоспары оның бес жылдық кезеңге арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеу үшін негіз болып табылады және оның стратегиялық бағыттарын, мақсаттары мен қызмет нәтижелерінің көрсеткіштерін айқындайды және акциялары (қатысу үлестері) компанияға осы заңды тұлғалар қабылдайтын шешімдерді айқындау құқығын беретін заңды тұлғалардың даму жоспарын (қызметтің стратегиялық бағыттарын) ескере отырып әзірленеді.
2-тарау. Компанияның даму жоспарын әзірлеу және бекіту тәртібі
5. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамын (бұдан әрі – Қор) қоспағанда, Компанияның даму жоспарының жобасы Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында, мемлекеттік органдардың даму жоспарларында жазылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігіне тиісті саланың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарымен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен әлеуметтік-экономикалық даму болжамында көрсетілген бюджеттік параметрлерге сәйкестігіне келісіледі.
ағымдағы жағдайды және сыртқы ортаның жаһандық факторларының әсерін – компания жұмыс істейтін және компанияның мақсаттарына қол жеткізуге әсер етуі мүмкін құқықтық, саяси, шаруашылық, демографиялық, технологиялық және басқалардың жиынтығын қамтитын сыртқы ортаны талдау;
компания қызметіндегі күшті және әлсіз жақтарды талдауды қамтитын ішкі ортаны талдау кіші бөлімдерін қамтитын компанияның ағымдағы жай-күйіне талдау бөлімдерінен тұратын құжат болып табылады.
Сондай-ақ, компанияның ағымдағы жағдайын талдау қазіргі және ықтимал қауіптер мен тәуекелдерді талдауды және компанияның мақсаттарына жету мүмкіндіктерін анықтауды қамтиды;
2) миссиясы мен пайымдауы, бұл ретте миссиясы мемлекет компания алдына қоятын міндеттерге сәйкес келеді және мемлекет қойған міндеттер, ол орындайтын функциялар, қызмет бағыттары және саланы (экономика секторын) дамыту тұрғысында компанияның негізгі мақсатын қамтуға тиіс.
Полная версия
ИС BestProfi