Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 16.06.2025
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 ақпандағы
№ 139 бұйрығымен
бекітілген
Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 17.08.2015 жылғы № 609 Бұйрығымен (26.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.10.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.01.2017 жылғы № 30 Бұйрығымен (17.08.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 08.08.2018 жылғы № 8 Бұйрығымен (30.01.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.03.2019 жылғы № 17 Бұйрығымен  (08.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 19.12.2019 жылғы № 95 Бұйрығымен (06.03.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 01.11.2021 жылғы № 96 Бұйрығымен (19.12.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 20.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.03.2022 жылғы № 28 Бұйрығына сәйкес (01.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрық 2025 жылдың 16 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 02.06.2025 жылғы № 48 Бұйрығына сәйкес
Редакция 26.11.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс – шаралар жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу және ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 4-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну тәртібін айқындайды (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспарын орындау бойынша есеп).
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 02.05.2024 жылғы № 22 Бұйрығына сәйкес (30.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) компания – акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар;
2) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – Бірыңғай оператор) – Заңның 1-бабының 21) тармақшасына сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру және есепке алу саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыру жөніндегі міндеттер, сондай-ақ мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің активтерін басқару және пайдалану жөніндегі функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша айқындалған, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға;
3) электрондық есеп – Тізілімнің веб-порталында дайындалған және ұлттық куәландырушы орталық берген компанияның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылатын іс-шаралар жоспарының орындалуы жөніндегі есеп.
2-тарау. Іс-шаралар жоспарының орындалуы жөніндегі есепті әзірлеу және ұсыну тәртібі
3. Іс-шаралар жоспарын орындау жөніндегі есеп әрбір жылдың қорытындылары бойынша әзірленеді және ұсынылады.
4. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамын (бұдан әрі – Қор) қоспағанда, іс-шаралар жоспарының орындалуы жөніндегі есептің жобасын әзірлеу – Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларының орындалуы жөніндегі есеп бөлімдерінің құрылымына, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларының орындалуы жөніндегі есеп көрсеткіштерінің нысандары мен тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Акциялары (қатысу үлестері) компанияға шешімдерді айқындау құқығын беретін заңды тұлғаларға қатысты іс-шаралар жоспарларының орындалуы жөніндегі есептің нысандары мен көрсеткіштер тізбесі тек ақпараттық сипатта болады және компанияның директорлар кеңесінің бекіту нысанасы болып табылмайды.
Іс-шаралар жоспарының есебіне түсіндірме жазба іс-шаралар жоспары есебінің әрбір бөлімі бойынша түсіндірулерді қамтиды және оның ажырамас бөлігі болып табылады.
Қордың іс-шаралар жоспарын орындау жөніндегі есептің жобасын әзірлеу Қордың Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілетін Қордың іс-шаралар жоспарын әзірлеу, бекіту, іске асырылуын мониторингтеу, бағалау, орындау жөніндегі есептерді ұсыну қағидалары шеңберінде жүзеге асырылады.
5. Іс-шаралар жоспарының орындалуы жөніндегі есепті әзірлеу және бекіту жылдық аудиттелген қаржылық есептілік бекітілгеннен кейін мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
5-тармақ жаңа редакцияда ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 02.05.2024 жылғы № 22 Бұйрығына сәйкес (30.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) жылдық аудиттелген қаржылық есептілік бекітілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде атқарушы орган Бірыңғай оператор әзірлеген Тізілімнің веб-порталында Іс-шаралар жоспарының орындалуы жөніндегі есептің жобасын әзірлеуді жүзеге асырады және оны компанияның директорлар кеңесінің қарауына енгізеді.
Компанияның Директорлар кеңесі он бес жұмыс күні ішінде іс-шаралар жоспарының орындалуы жөніндегі есептің жобасын қарайды және бекіту туралы не пысықтау үшін атқарушы органға қайтару туралы шешім қабылдайды.
Ескертулер болса, атқарушы орган Іс-шаралар жоспарының орындалуы жөніндегі есептің жобасын компанияның директорлар кеңесі айқындаған, бірақ ескертулерді алған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде пысықтайды және оны компанияның директорлар кеңесінің қарауына қайта ұсынады;
2) Іс-шаралар жоспарының орындалуы жөніндегі есептің жобасы компанияның директорлар кеңесінің отырысында бекітіледі.
Полная версия
ИС BestProfi