Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 24.08.2018
Қазақстан Республикасы
 Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 18 наурыздағы
 № 246 бұйрығына
 2-қосымша
2-қосымша күшін жояды 2018 жылғы 28 тамыздан бастап ҚР Ішкі істер министрінің 13.07.2018 жылғы № 514 Бұйрығына сәйкес
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидалары
Редакция 29.11.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы Қағидалар «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 70-15) тармақшасына сәйкес әзірленген және мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдарда, елді мекендер мен объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау және қайта аттестаттау тәртібін айқындайды.
2. Аттестаттау және қайта аттестаттау қызметкерлердің штат санының, техникалық жарақталуы мен кәсіби жарамдылығының Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9942 болып 2014 жылғы 8 желтоқсанда тіркелген) бекіткен мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі – біліктілік талаптары) және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізіледі.
3. Аттестаттауды және қайта аттестаттауды Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі – Комитет) құратын аттестаттау комиссиясы жүргізеді. Комиссия құрамына функциясына өрт қауіпсіздігі саласындағы мәселелер жатқызылған Комитеттің қызметкерлері кіргізіледі. Комиссия құрамы Комитет төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
2. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау жүргізу тәртібі
4. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтері (бұдан әрі – МеӨҚҚ) аттестаттауға және қайта аттестаттауға жатады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 29.11.2016 жылғы № 1108 Бұйрығына сәйкес (18.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
МеӨҚҚ аттестаттау және қайта аттестаттау жүргізу үшін Комитетке мынадай құжаттар ұсынылады:
1) Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МеӨҚҚ аттестаттау (қайта аттестаттау) туралы өтініш;
2) ұйым жарғысының көшірмесін (болған кезде);
3) көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің көшірмелерін (шығу өрт сөндіру техникасымен МеӨҚҚ үшін);
4) өрт сөндіру автомобильдерінің міндетті техникалық қарап-тексеруден өткені туралы куәліктің көшірмесін (шығу өрт сөндіру техникасымен МеӨҚК үшін);
5) біліктілік талаптарына сәйкес нысан бойынша негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің өртті сөндіруге әзірлігін техникалық қарап-тексеру актілерін (шығу өрт сөндіру техникасымен МеӨҚҚ үшін);
6) заңды тұлғаның мөрімен расталған МеӨҚҚ-нің ұйымдық-штаттық құрылымын;
7) қызметкерлерді тағайындау туралы бұйрықтардан үзінді көшірмелерді;
8) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін;
9) мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі және/немесе МеӨҚҚ-дағы (кадр қызметі растаған) қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттар көшірмелерін, ал қызмет басшылары үшін – қызметтік тізім көшірмесін;
10) МеӨҚҚ қызметкерлерінің білімі туралы құжаттар көшірмелерін (шетелдік білім беру ұйымдары берген білімі туралы құжаттар «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес танылады);
Полная версия
ИС BestProfi