Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 35 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 6 ақпанда № 14765 болып тіркелді
Осы Бұйрыққа өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 18.05.2026 жылғы № 241 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 12.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 94–бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес. БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.04.2020 жылғы № 244 Бұйрығына сәйкес (25.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 18.05.2026 жылғы № 241 Бұйрығына сәйкес (28.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.06.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер
бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.01.2018 жылғы № 64 Бұйрығымен (31.01.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.04.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.07.2019 жылғы № 549 Бұйрығына сәйкес (31.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 31.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемерін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 94 - бабының 1 – тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді, тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау және «Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.04.2020 жылғы № 244 Бұйрығына сәйкес (25.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 18.05.2026 жылғы № 241 Бұйрығына сәйкес (28.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.06.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 736 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын (бұдан әрі – Тұжырымдама) іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.04.2020 жылғы № 244 Бұйрығына сәйкес (25.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 18.05.2026 жылғы № 241 Бұйрығына сәйкес (28.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.06.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) екінші деңгейдегі банктер – банктік және өзге де операцияларды, оның ішінде банктік қарыз операцияларын жүргізуге қызметін тиісті лицензиясы бар Қазақстан Республикасының банктері (бұдан әрі – ЕДБ);