Близость слов: Окончание:





«Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасы
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 145-бабы 1- тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілетін «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.  
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;  
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға оны жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
______________ Е. Сағадиев
«___» ___________ 2017 жыл

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Т.Сүлейменов
«___» ___________ 2017 жыл
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
Министрінің
2015 жылғы « »
№ бұйрығымен
бекітілген
«Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1. Осы «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 144-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және жобалауға, реконструкциялауға, жөндеуге, сумен жабдықтауға, су бұруға, жылытуға, жарықтандыруға, желдетуге, микроклиматқа, күтіп-ұстауға және пайдалануға, балаларды тәрбиелеу мен оқыту, тұру, тамақтандыруды ұйымдастыру жағдайларына, медициналық қызмет көрсетуге, сондай-ақ меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, балалар толық, толық емес (қысқа уақытқа), тәулік бойы болатын барлық түрдегі және типтегі мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріндегі персоналдың жеке гигиенасына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.  
2. Осы Санитариялық қағидалар мынадай:  
1) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту – мемлекеттік және жеке бөбектер бақшасы, бала бақшалары, отбасылық бөбектер бақшалары, санаториялық бөбектер бақшалары, «мектеп-бала бақша» кешендері, мектепке дейінгі шағын-орталықтар және басқа да мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілері (бұдан әрі – МДО) ;
2) тәрбиелеу және балалар тұратын орындарды ұйымдастыру – балалар үйі;
Полная версия
ИС BestProfi