1. «Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/143 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11935 болып тіркелген, «Әділет» нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/143 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/143 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
БҰЙЫРАМЫН:
7-тармақ мынадай тармақшалар мәтінімен толықтырылсын:
«4) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) өтініштегі немесе құжаттардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды қажет ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
6) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылған көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы.»
келесі мәтіндегі 14-тармақпен толықтырылсын:
«14. Жеке беру мақсатында әкелінген жыртқыш аушы құстар, мемлекеттен қайта әкетуге жатпайды, сонымен қатар аулап алу объектісі болып табылатын жануарлар түрлеріне, басқа елдерден әкелінген жыртқыш қыран құстарды пайдалануға тыйым салынады.»;
көрсетілген қағидаға қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов
«КЕЛIСІЛДІ » Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі____________ Д. Абаев « » 2017 жыл «КЕЛIСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ____________ Т . Сүлейменов « » 2017 жыл
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы « » № бұйрығына 1-қосымша
Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидаларына 1-қосымша
Нысан
Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция жөніндегі әкiмшiлiк органның ғылыми ұйымы ____________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы және бизнес- сәйкестендiру нөмiрi, _______________________________________ жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) _____________________________________ және жеке сәйкестендiру нөмiрi, _____________________________________ мекен жайы, телефон нөмірі)
Үлгілерді әкелуге, әкетуге ғылыми қорытынды алуға арналған ӨТІНІШ
Үлгілерді әкелуге, әкетуге арналған ғылыми қорытынды беруіңізді сұраймын
_____________________________
(қажеттісінің астын сызу)
1 . | Әкелу және әкету мақсаты (коммерциялық операциялар, ғылыми зерттеулер, өсiмдi молайту ма қсаттар, цирктерде өнер көрсету немесе жылжымалы көрмелер, хайуанаттар бақтары, ботаникалық бақтар мен мұражайлар арасындағы алмасу, сондай-ақ жеке берулер) |
|
2 . | Мемлекеттік, орыс және латын тілдеріндегі атауы көрсетілген үлгі |
|
3 . | Үлгінің сипаттамасы (тірі жануарлар, терілер, тұлыптар, ұшалар, бас сүйектері, мүйіздер, азу тістері, қан, уылдырық , сондай-ақ бұйымдар және басқалар, тірі жануарлар үшін - жынысы мен жасы, ұқсастық белгілерінің бар-жоғы) |
|
4 . | Үлгілердің саны және ( немесе ) салмағы |
|
5 . | Үлгілердің шығу тегі (табиғаттан алынды, жасанды жолмен шығарылды немесе өсірілді немесе басқа елден қандай құжаттардың негізінде импортталды, тәркіленді, сатып алынды, сый немесе мұра ретінде алынды және басқалар) |
|
6 . | Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды тіркеу туралы куәлігінің нөмірі және күні және ( немесе ) үлгілер Қазақстан Республикасы аумағында қолдан өсірілген болса, құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның нөмірі және күні |
|
7 . | Егер жануарлардың түрлері, олардың бөліктері мен дериваттары табиғи ортасынан Қазақстан Республикасы аумағындағы жануарлар түрлерінің санын реттеу арқылы алынса, саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға берілетін рұқсат қағазының нөмірі мен күні |
|
8 . | Экспорттаушының және импорттаушының орыс және ағылшын тілдеріндегі заңды мекенжайы, олардың телефондары немесе факстары (жеке тұлғалар үшін – үйінің мекенжайы, паспорттық деректері) |
|
Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және шынайы емес мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтініш берген күні «___»________________20____жыл.
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), қолы, мөрдің орны (болған кезде)
Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидаларына 2-қосымша
Нысан
Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция жөніндегі әкiмшiлiк орган _______________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы және бизнес- сәйкестендiру нөмiрi, _______________________________________ жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) _____________________________________ және жеке сәйкестендiру нөмiрi, _____________________________________ мекен жайы, телефон нөмірі)
Үлгілерді әкелуге, әкетуге рұқсат алуға арналған ӨТІНІШ
Үлгілерді әкелуге, әкетуге рұқсат беруіңізді сұраймын
___________________________
(қажеттісінің астын сызу)
1 . | Әкелу және әкету мақсаты (коммерциялық операциялар, ғылыми зерттеулер, өсiмдi молайту ма қсаттар, цирктерде өнер көрсету немесе жылжымалы көрмелер, хайуанаттар бақтары, ботаникалық бақтар мен мұражайлар арасындағы алмасу, сондай-ақ жеке берулер) |
|
2 . | Мемлекеттік, орыс және латын тілдеріндегі атауы көрсетілген үлгі |
|
3 . | Үлгінің сипаттамасы (тірі жануарлар, терілер, тұлыптар, ұшалар, бас сүйектері, мүйіздер, азу тістері, қан, уылдырық , сондай-ақ бұйымдар және басқалар, тірі жануарлар үшін - жынысы мен жасы, ұқсастық белгілерінің бар-жоғы) |
|
4 . | Үлгілердің саны және ( немесе ) салмағы |
|
5 . | Үлгілердің шығу тегі (табиғаттан алынды, жасанды жолмен шығарылды немесе өсірілді немесе басқа елден қандай құжаттардың негізінде импортталды, тәркіленді, сатып алынды, сый немесе мұра ретінде алынды және басқалар) |
|
6 . | Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды тіркеу туралы куәлігінің нөмірі және күні және ( немесе ) үлгілер Қазақстан Республикасы аумағында қолдан өсірілген болса, құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның нөмірі және күні |
|
7 . | Егер жануарлардың түрлері, олардың бөліктері мен дериваттары табиғи ортасынан Қазақстан Республикасы аумағындағы жануарлар түрлерінің санын реттеу арқылы алынса, саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға берілетін рұқсат қағазының нөмірі мен күні |
|
8 . | Экспорттаушының және импорттаушының орыс және ағылшын тілдеріндегі заңды мекенжайы, олардың телефондары немесе факстары (жеке тұлғалар үшін – үйінің мекенжайы, паспорттық деректері) |
|
Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және шынайы емес мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтініш берген күні «___»________________20____жыл.
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), қолы, мөрдің орны (болған кезде)
«Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/143 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы « » ____________ № ____ бұйрығына анықтама-негіздеме
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры Ә. Жеңісов