Близость слов: Окончание:





«Өсімдіктерді қорғау құралдарының импортына лицензиялар беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекiту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Өсімдіктерді қорғау құралдарының импортына лицензиялар беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекiту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Өсімдіктерді қорғау құралдарының импортына лицензиялар беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты бекiтілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
____________Д. Абаев
2017 жылғы «___»____________

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
____________Ж. Қасымбек
2017 жылғы «___»____________

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы «___»____________

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
____________ Қ. Бозымбаев
2017 жылғы «___»____________
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
2017 жылғы «__» _________
№ ___ бұйрығымен бекітілген
«Өсімдіктерді қорғау құралдарының импортына лицензиялар беру туралы» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Жекелеген тауарлар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрi - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттiк қызметті Министрлiктің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi.
Полная версия
ИС BestProfi