1. Осы Акциздік және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін, есебін ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) темекі өнімдеріне акциздік маркаларды, алкоголь өнімдеріне (шарап материалдарын, сыра және сыра сусындарын қоспағанда) есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін, есебін ұсыну тәртібін реттейді.
Внимание! Документ утратил силу с 23.03.2018
Акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнiмдерiн импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидалары
Қағидалар күшін жойды 2018 жылғы 23 наурызынан бастап ҚР Қаржы министрінің 08.02.2018 ж. № 144 Бұйрығына сәйкес
1-тарау. Жалпы ережелер
2. Мыналар:
алкоголь өнімін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
Қазақстан Республикасының аумағына алкоголь өнімін импорттайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары - резиденттері;
борышкердің мүлкін (активтерін) өткізген кезде банкроттық және оңалтушы басқарушылар есепке алу-бақылау маркаларын (бұдан әрі - ЕБМ) алушылар болып табылады.
Мыналар:
Қазақстан Республикасында темекі өнімдерін өндіру және (немесе) импорттау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
борышкердің мүлкін (активтерін) өткізген кезде банкроттық және оңалтушы басқарушылар акциздік маркаларды алушылар болып табылады.
3. ЕБМ және акциздік маркаларды облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік кірістер департаменттері (бұдан әрі - Департамент) береді.
4. ЕБМ және акциздік маркаларды жасап шығаруды, оларды Департаментке жеткізуді және беруді Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен (бұдан әрі - Комитет) жасасқан шарттарға (келісімшарттарға) сәйкес ұйым (бұдан әрі - жеткізуші) жүзеге асырады.
5. Қазақстан Республикасына алкоголь өнімінің импортын жүзеге асыратын тұлға (бұдан әрі - импорттаушы) ЕБМ алғанға дейін мемлекеттік кірістер органына Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін (бұдан әрі - Міндеттеме), осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.
6. Міндеттеме:
ЕБМ, олардың мақсаттарына сәйкес пайдалануды;
Қазақстан Республиканың аумағынан тыс жерлерде алкоголь өніміне жапсыруы үшін импорттаушының ЕБМ әкетуін;
ЕБМ таңбаланған алкоголь өнімдерін әкелу;
импортталған алкоголь өнімдері бойынша жанама салықтарды төлеуді;
Полная версия