Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының байқау және зертханалық бақылау желісін ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 477, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 11 тамыздағы № 601, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 11 шілдедегі № 736, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бірлескен бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 56-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының байқау және зертханалық бақылау желісін ұйымдастыру жөніндегі қағидалар бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаныстың байқау және зертханалық бақылау желісі туралы қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 11 наурыздағы № 72, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2013 жылғы 28 наурыздағы № 130, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 680, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 12 сәуірдегі № 14/167, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 170, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 4 мамырдағы № 268, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 209 бірлескен бұйрығының күші жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.Р. Беккер) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бірлескен бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі К. Бишімбаев
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі И. Тасмағамбетов
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қ. Бозымбаев
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің,
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 29 шілдедегі № 477,
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2016 жылғы 11 тамыздағы № 601,
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің,
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің,
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы 11 шілдедегі № 736,
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
бірлескен бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының байқау және
 зертханалық бақылау желісін ұйымдастыру жөніндегі қағидалар
1. Осы Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының байқау және зертханалық бақылау желісін ұйымдастыру жөніндегі қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының байқау және зертханалық бақылау желісінің (бұдан әрі - БЗБЖ) ұйымдастырылуын, негізгі міндеттері мен жұмыс істеу тәртібін айқындайды.
2. Азаматтық қорғаныстың байқау және зертханалық бақылау желісі жағдайды байқау, бақылау және болжау қызметтерінің базасында құрылады және:
азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының кезекшілік-диспетчерлік қызметтерінен;
орталық және жергілікті атқарушы органдардың кезекші қызметтерінен;
ықтимал қауіпті объектілердің кезекшілік-диспетчерлік қызметтерінен;
радиациялық және ядролық қауіпсіздікті мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардан;
мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарынан;
ветеринария, фитосанитария, жануарлар мен өсімдіктер карантині саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардан;
қоршаған орта мен табиғи ресурстардың, оның ішінде гидрометеорология бойынша мониторинг қызметтерінен тұрады.
Полная версия
ИС BestProfi