Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2025
«Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі міндетін атқарушысының 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 187 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 сәуірде № 15060 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес 
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 120-1 және 120-2-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі міндетін атқарушысының 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2011 жылғы 15 тамызда
№ 7126 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы
5 маусымда № 292-297 (27371) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«1. Осы бұйрықтың 1-129-қосымшаларына сәйкес Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомы бекітілсін.»;
осы бұйрыққа 1-5-қосымшаларға сәйкес 125-129-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есебі мен аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 27 наурыздағы
№ 187 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
міндетін атқарушының
2011 жылғы 2 тамыздағы
№ 390 бұйрығына
125-қосымша
 _________________________________________________________________ Мемлекеттік мекеменің (орталықтандырылған бухгалтерияның) атауы
Полная версия
ИС BestProfi