Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 08.05.2020
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрінің
 2015 жылғы 23 ақпандағы № 132
бұйрығына 2-қосымша
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 07.03.2017 жылғы № 83 Бұйрығына сәйкес (23.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-қосымша күшін жойды 2020 жылғы 8 мамырдан бастап ҚР Энергетика министрінің 10.04.2020 жылғы № 139 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 19.12.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Теңiздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарттың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 30.11.2018 жылғы № 469 Бұйрығына сәйкес (07.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 04.01.2019 жылдан бастап)
1. «Теңiздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 30.11.2018 жылғы № 469 Бұйрығына сәйкес (07.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 04.01.2019 жылдан бастап)
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрлік көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.elicense.kz, www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 30.11.2018 жылғы № 469 Бұйрығына сәйкес (07.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 04.01.2019 жылдан бастап)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 18.11.2019 жылғы № 377 Бұйрығына сәйкес (30.11.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 19.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
портал арқылы жүгінген сәттен бастап – 13 (он үш) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызмет алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттар болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауабын береді.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (толығымен автоматтандырылған).
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 30.11.2018 жылғы № 469 Бұйрығына сәйкес (07.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 04.01.2019 жылдан бастап)
6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi - теңiздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 30.11.2018 жылғы № 469 Бұйрығына сәйкес (07.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 04.01.2019 жылдан бастап)
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 18.11.2019 жылғы № 377 Бұйрығына сәйкес (30.11.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 19.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.
8. Порталдың жұмыс кестесі, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері, жұмыс күні аяқталған соң жүгінсе, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүргізіледі).
9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшада көрсетілген, көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған өтініш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген мәліметтер нысаны.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады.
Полная версия
ИС BestProfi