Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 23 ақпандағы № 132
бұйрығына 6-қосымша
6-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 07.03.2017 жылғы № 83 Бұйрығына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
6-қосымша күшін жойды 2020 жылғы 8 мамырдан бастап ҚР Энергетика министрінің 10.04.2020 жылғы № 139Бұйрығына сәйкес
«Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға лицензия» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 10.11.2015 жылғы № 639 Бұйрығымен (23.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 28.01.2016 жылғы № 31 Бұйрығына сәйкес (10.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Стандарттың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 30.11.2018 жылғы № 469 Бұйрығына сәйкес (13.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 04.01.2019 жылдан бастап)
1. «Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутек), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға лицензия» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 30.11.2018 жылғы № 469 Бұйрығына сәйкес (13.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 04.01.2019 жылдан бастап)
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметті портал арқылы жүгінген кезде құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап көрсету мерзімі:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 30.11.2018 жылғы № 469 Бұйрығына сәйкес (13.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 04.01.2019 жылдан бастап)
көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызмет алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және (немесе) мәліметтер нысанында көрсетілгендерді тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер нысанында көрсетілгендер толық болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауабын береді.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (толығымен автоматтандырылған).
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 30.11.2018 жылғы № 469 Бұйрығына сәйкес (13.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 04.01.2019 жылдан бастап)
6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта ресімдеу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 30.11.2018 жылғы № 469 Бұйрығына сәйкес (13.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 04.01.2019 жылдан бастап)
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша қызмет түрімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленеді:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 13.02.2018 жылғы № 48 Бұйрығына сәйкес (07.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) төмендегі қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензияны беру кезінде лицензиялық алым:
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 30.11.2018 жылғы № 469 Бұйрығына сәйкес (13.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 04.01.2019 жылдан бастап)