Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.12.2020
«Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 мамырдағы № 260 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.12.2020 жылғы № 957 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 32-33, 399-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінде:
«15. Iшкi iстер органдарымен келiсу бойынша қызметтiк ойық және тегiс ұңғылы қару (карабиндер, винтовкалар, тапаншалар, револьверлер, мылтықтар) мен оның патрондарын мемлекеттік орман қоры учаскелерін және жануарлар әлемі объектілерін тікелей күзетуді, қорғауды жүзеге асыратын орманды күзету және қорғау инженерлерінің, орманшылардың, орман шеберлерінің, орман күтушілерінің, мемлекеттік инспекторлардың (қорықшылардың), аңшылық мамандарының, инспекторлардың, аңшылық және балық шаруашылықтары қорықшыларының тұрғылықты жерлерiнде сақтауға болады.
Бұл ретте атыс қаруы осы Ереженің 91-тармағының талаптарына сәйкес сақталады.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін және жануарлар әлемі объектілерін тікелей күзетуді, қорғауды жүзеге асыратын орманды күзету және қорғау инженері, орманшы, орман шебері, орман күтушісі, мемлекеттік инспектор (қорықшы), аңшылық маманы, инспектор, аңшылық және балық шаруашылықтарының қорықшысы ұзақ уақыт (он күннен астам) болмаған кезеңде (іссапар, демалыс, емделу, әскери қызмет өткеру) қару осы қаруды сақтауға рұқсат берілген ұйымның қару-жарақ бөлмесіне тапсырылады.
16. Қаруды сақтайтын және пайдаланатын ұйымдарда қызметтік қару мен оның патрондарын есепке алу осы Ережеге 18-қосымшаға сәйкес қаруды сақтайтын және пайдаланатын ұйымдарда қару мен оның патрондарын есепке алу кітабында және осы Ережеге 19-қосымшаға сәйкес қару мен оның патрондарын беру және қабылдау журналында жүргізіледі, олар нөмiрленеді, тігіледі және аумақтық iшкi iстер органының «Лицензиялық-рұқсат жүйесі» деген бедерi бар арнайы мөрi басылады.»;
«20. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2) – 8), 11) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар қайта ұйымдастырылған немесе таратылған кезде азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын оларды сатып алуға рұқсаттары бар субъектілерге бере алады.
Қару немесе патрондарды берген заңды тұлғалар бұл туралы қару есепте тұрған ішкі істер органына берілген қарудың санын, әрбір бірлігінің маркасын, калибрі мен нөмірін, патрондардың санын, маркасын, калибрін көрсете отырып, жеті күн мерзімде жазбаша хабарлайды. Хабарламаға қайта ресімдеу үшін қаруды сақтауға рұқсаты, сондай-ақ оның негізінде беру жүзеге асырылған құжаттар қоса беріледі.
Ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалар, күзет қызметінің субъектілері ішкі істер органдарымен келісу бойынша өздерінің балансындағы азаматтық және қызметтік қаруды аумақтық тиесілігіне қарамастан, өздерінің филиалдарына, өкілдіктеріне (бұдан әрі – филиалдар, өкілдіктер) бере алады.
Филиалдар мен өкілдіктердің қаруды сақтауы осы Ереженің 3-бөлімінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қаруды сақтауға рұқсат беру және оны филиалға және өкілдікке тіркеу үшін заңды тұлға осы Ережеге 17-қосымшаға сәйкес қару мен оның патрондарының қолда бар және қажетті саны туралы мәліметтердің толтырылған бланкін ішкі істер органына келісу үшін ұсынады. Филиал мен өкілдіктің азаматтық және қызметтік қаруды сатып алуға рұқсат алуы талап етілмейді.
Қаруды тіркеген ішкі істер органының қызмет көрсету аумағынан тыс қызметті жүзеге асыру үшін қызметтік қаруды уақытша әкетуді заңды тұлға қаруды әкету орны бойынша тіркеусіз және қару мен оның патрондарының қолда бар және қажетті санын келісусіз жүзеге асырады.
Бұл ретте заңды тұлға осы Ереженің 3-бөліміне сәйкес қызметтік қару мен оның патрондарын сақтау бойынша талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Қызметтік қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсаттарды беруді оны тіркеген ішкі істер органы жүзеге асырады.
Республикалық спорт ұйымдары ішкі істер органдарымен келісу бойынша өздерінің балансындағы спорттық қаруды өңірлік спорт ұйымдарына бере алады.
Бұл ретте өңірлік спорт ұйымдары аумақтық ішкі істер органында азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға рұқсат алады.
Полная версия
ИС BestProfi