Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 120-1 және 120-2-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2025
«Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есепке алуды жүргізу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 3 мамырдағы № 289 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 мамырда № 15159 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес
1. «Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрiнiң 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 14 қыркүйекте № 370-371 (26214) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есепке алуды жүргізу қағидаларында:
«1. Осы Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес әзірленді және республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды салықтық және салықтық емес түсімдерді, негізгі капиталды сатудан түсетін, трансферттерді, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін есепке алуды жүргізу тәртібін белгілейді».;
мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:
«18-1. Салық төлеушілердің жеке шоттарының (бюджетке есептелген, азайтылған, түскен, қайтарылған сома) қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп бюджетке түсетін салықтық түсімдерді есепке алу бойынша бастапқы құжаттар болып табылады.
«е-Қаржымині» интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі-ИААЖ) талдау орталығы кіші жүйесі «Мемлекеттік қаржы бойынша есептілікті және статистиканы қалыптастыру, бюджеттердің атқарылуын талдау, талдау материалдарын дайындау» талдау орталығы (бұдан әрі-ТО) алынған түсімдер бойынша есептер нысаны бюджетке түсетін салықтық емес түсімдерді есептеу бойынша бастапқы құжаттар болып табылады.»;
«21. Тексерілген және есепке алынған құжаттар операцияларды жасау күні бойынша жүйеленеді және мемориалды ордерлермен – нысандар альбомының нысандары бойынша жинақтау ведомостерімен ресімделеді, оларға мынадай тұрақты нөмірлер беріледі:
1-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 381 нысанды кассалық операциялар бойынша жинақтау ведомосі;
2-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 381 нысанды мемлекеттік мекемелердің кодтарындағы қаражаттың қозғалысы жөнінде жинақтау ведомосі;
3-мемориалды ордер – 381 нысандар альбомында ақылы қызметтердің қолма-қол ақшаны бақылау шоты (бұдан әрі - ҚБШ), демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ, ақша қаражатын уақытша орналастыру ҚБШ, шетел валютасындағы шоттағы және сыртқы қарыздар мен гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоттарындағы ақша қаражатын есепке алу жөніндегі жинақтау ведомості; жергілікті өзін өзі басқару ҚБШ, нысаналы қаржыландыру ҚБШ;
5-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 405 нысанды еңбекақы мен стипендиялар бойынша есептеу ведомостерінің жиынтығы;
6-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 408 нысанды ұйымдармен есеп айырысу бойынша жинақтау ведомосі;
7-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 408 нысанды аванстық төлемдер тәртібіндегі есеп айырысу бойынша жинақтау ведомосі;
8-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 386 нысанды есеп беруге жауапты тұлғалармен есеп айырысу бойынша жинақтау ведомосі;
9-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 438 нысанды ұзақ мерзімді активтердің шығып қалуы мен орын ауысуы бойынша жинақтау ведомосі;
10-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 438 нысанды арнайы киім-кешекті және жеке пайдаланудағы басқа да заттардың шығып қалуы мен орын ауысуы бойынша жинақтау ведомосі;
Полная версия

