БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 31.03.2020
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 394 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 259 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 5 маусымда № 15199 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 31 наурыздан бастап ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2020 жылғы № 218 Бұйрығына сәйкес
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 394 бұйрығына («Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 25 маусымда жарияланған, Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11308 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық - құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
«4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 15 (он бес) күнтізбелік күн;
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап береді;
2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсетуінің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
«9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенімхат бойынша өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
қызмет берушіге:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті аттестаттау (қайта аттестаттау) туралы өтініш;
2) ұйым жарғысының көшірмесі (бар болған жағдайда);
3) «Жүргізуші куәлігі және көлік құралын тіркеу туралы куәлік бланкілерінің нысандары мен үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 874 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10064 болып тіркелген) сәйкес көлік құралын тіркеу туралы куәліктерінің көшірмелері (шығатын өрт сөндіру техникасы бар мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет үшін);
4) өрт сөндіру автомобильдерінің міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәліктің көшірмесі (шығатын өрт сөндіру техникасы бар мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет үшін);
5) «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 9942 болып тіркелген) сәйкес нысан бойынша негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің өртті сөндіруге әзірлігін техникалық байқау актілері (шығатын өрт сөндіру техникасы бар мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет үшін);
6) заңды тұлғаның мөрімен (бар болған жағдайда) расталған мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің ұйымдық-штаттық құрылымы;
7) қызметкерлерді тағайындау туралы бұйрықтардан үзінділер;
Полная версия