«Қаржылық есептілік аудиті» рәсімдік стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 272 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 9 маусымда № 15209 болып тіркелді
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2021 жылғы № 1340 Бұйрығына сәйкес (13.06.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т.Бектұрова) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
1. Осы «Қаржылық есептілік аудиті» рәсімдік стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2021 жылғы № 1340 Бұйрығына сәйкес (13.06.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қаржылық есептілік (шоғырландырылған қаржылық есептілік) аудитінің мақсаты – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігінің анықтығын негізделген растауды алу болып табылады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 13.06.2018 жылғы № 598 Бұйрығына сәйкес (24.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2021 жылғы № 1340 Бұйрығына сәйкес (13.06.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 19.03.2024 жылғы № 161 Бұйрығымен (18.09.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 07.10.2024 жылғы № 672 Бұйрығымен (19.03.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 05.12.2025 жылғы № 750 Бұйрығына сәйкес (07.10.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қаржылық есептілік аудитіне «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 15 мамырдағы № 229 бұйрығымен бекітілген көлемде және нысандар бойынша республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоғырландырылған қаржылық есептілігі және «Қаржылық есептілік нысандарын, кезеңділігін және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 15 мамырдағы № 230 бұйрығымен бекітілген көлемде, сондай-ақ нысандар, кезеңділік және Қаржылық есептілік нысандарын, кезеңділігін және оларды жасау мен ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қаржылық есептілік нысандарын, кезеңділігін және оларды жасау мен ұсыну қағидалары) бойынша республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің шоғырландырылған қаржылық есептілігі жатады.
3. Аудиторлық іс-шараға жауапты тұлға және мемлекеттік аудит тобының жетекшісі аудит жүргізуге басшылық, оны бақылау мерзімі және оның сапасы үшін Заңның 36-бабы 3-тармағына сәйкес жауапты болады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 13.06.2018 жылғы № 598 Бұйрығына сәйкес (24.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2021 жылғы № 1340 Бұйрығына сәйкес (13.06.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)