Өрт сөндіруді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 446 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 3 тамызда № 15430 болып тіркелді
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 1-тармағының 72) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 28.08.2025 жылғы № 376 Бұйрығына сәйкес (07.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз жеткізгіште және электрондық нысандағы көшірмесін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
5) он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
______________А. Мырзахметов
2017 жылғы «____»___________
1. Осы Өрт сөндіруді ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) өрт сөндіруді ұйымдастыру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу мәселелерін реттейді.