1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 мамырдағы № 475 бұйрығына («Әділет» нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 маусымда жарияланған, Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11430 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Внимание! Документ утратил силу с 31.03.2020
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 мамырдағы № 475 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 472 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 9 тамызда № 15474 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 31 наурыздан бастап ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2020 жылғы № 218 Бұйрығына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
«1. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 2-ші кіреберіс мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 394 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11308 болып тіркелген) стандартының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) негізінде көрсетеді.
Өтініш қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электронды үкімет» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады.»;
«5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындау ұзақтығы:
1) Мемлекеттiк қызмет стандартының 1-қосымшасының 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті порталда тіркейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға жібереді, орындау ұзақтығы – келіп түскеннен кейін 20 (жиырма) минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті қарайды, жауапты орындаушыны (бұдан әрі – орындаушы) белгілейді және құжаттарды орындаушыға жолдайды, орындау ұзақтығы – 3 (үш) сағат;
3) орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, орындау ұзақтығы – 4 (төрт) сағат;
құжаттар топтамасын толық ұсынбау фактісі анықталған жағдайда және (немесе) мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда орындаушы өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасын дайындайды және жауаптың жобасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді, орындау ұзақтығы – 4 (төрт) сағат;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасына қол қояды, орындау ұзақтығы – 3 (үш) сағат;
орындаушы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту туралы жауапты кеңсе қызметкеріне береді, орындау ұзақтығы – 40 (қырық) минут;
кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға (көрсетілетін қызметті алушының сенімхат бойынша өкіліне) өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты береді не пошта арқылы жолдайды, орындау ұзақтығы – 1 (бір) сағат.
құжаттар тізбесі толық ұсынылған жағдайда орындаушы өтінішті қарайды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу құқығына өтініш пен құжаттар топтамасын қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) отырысының күнін белгілейді және комиссия мүшелеріне комиссия отырысының күні туралы хабарлайды, орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат;
4) комиссия өтінішті қарайды, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783 бұйрығымен (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9942 болып тіркелген) бекітілген мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындайды және аттестаттау туралы шешім қабылдайды, ол осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшада келтірілген нысанда комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді, орындау ұзақтығы – күнтізбелік 13 (он үш) күн;
Полная версия