Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.09.2021
«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы 
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 3 қыркүйектен бастап ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 17.08.2021 жылғы № 405 Бұйрығына сәйкес  
Редакция 28.06.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2014 жылғы 11 сәуірдегі 12-бабы 1-тармағының 70-23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильинге жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының  Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ. Қасымов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек
2017 жылғы « »
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов
2017жылғы « »
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 23 маусымдағы
№ 439 бұйрығымен
бекітілген
 «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті
1. Осы «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі, «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленген.
2. Техникалық регламент өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеудің негізгі ережелерін айқындайды және:
1) осы Техникалық регламентке 1-қосымшада келтірілген өрт және оның қауіпті факторларының, заттары мен материалдарының, сондай-ақ өрт- жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша технологиялық орталардың; жарылыс қауіпті және өрт қауіпті аймақтардың; өрт қауіптілігі бойынша құрылыс материалдарының; құрылыс конструкциялары мен өртке қарсы тосқауылдардың; өрт-жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша электр жабдығының, сыртқы қондырғылардың, ғимараттардың, құрылыстар мен үй-жайлардың сыныптамасын;
2) қалалық және ауылдық елді мекендерді жобалау, ғимараттар мен құрылыстарды жобалау және салу кезінде өмірлік циклінің барлық сатысында әртүрлі мақсаттағы шаруашылық жүргізу объектілеріне қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптарын белгілейді.
Полная версия
ИС BestProfi