Близость слов: Окончание:





Аккредиттеу туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 8 тамыздағы № 284 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылдың 28 желтоқсандағы № 1098 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу қағидаларының 10-тармағына  сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жанындағы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияның 2017 жылғы 7 шілдедегі № 1 хаттамасының негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізуге «Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі аккредиттелсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаменті аккредиттеу туралы куәлік берсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Полная версия
ИС BestProfi