Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 17.05.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 22 қыркүйектегі № 567 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінде 2017 жылдың 10 қазанда № 15869 тіркелді  
Осы Бұйрық 2025 жылғы 17 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 29.04.2025 жылғы № 209 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 13.05.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 18.04.2025 жылғы № 180 Бұйрығымен (22.09.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10007 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларында :
7-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) мемлекеттік органдарға шетелдік жұмыскерлерді тарту мәселелерін қарастыру жөніндегі уәкілетті комиссияның шешімі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органына тартылған шетелдік жұмыскерлермен жасалған еңбек шарттары;»;
мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:
«26-1. 01-139-нысаны (25-1-қосымша) мемлекеттік органға қабылданған шетелдік жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеуге жұмсалатын шығыстарды есептеуге арналған. Есепті жасау кезінде еңбек шартын басшылыққа алған жөн.
25-1-қосымшада «Лауазым атауы» деген 1-бағанда жасалған еңбек шартына сәйкес мемлекеттік органға қабылданған шетелдік жұмыскердің лауазымы көрсетіледі; «Бiр айдағы лауазымдық жалақы сомасы» деген 2-бағанда жасалған еңбек шартына сәйкес бір айдағы лауазымдық жалақы сомасы көрсетіледі; «Мемлекеттік органға шетелдік жұмыскерді тарту мерзімі» деген 3-бағанда еңбек шартына сәйкес мемлекеттік органға шетелдік жұмыскер тартылған айлар саны көрсетіледі; «Бiр жылдағы негізгі еңбекақы жиыны 2х3-баған» деген 4-бағанда қорытынды сома көрсетіледі.»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 25-1-қосымшамен толықтырылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:  
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;  
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;  
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;  
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.  
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
                                                                                   Қаржы министрінің
                                                                                         2017 жылғы 22 қыркүйектегі
                                                                                           № 567 бұйрығына
                                                                                       қосымша
Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну
                                                                                      қағидаларына 25-1-қосымша
Мемлекеттік органдардың шетелдік жұмыскерлеріне еңбекақы төлеуге арналған шығыстар есебі
Деректер түрi (болжам, жоспар, есеп)                                                 |_______________________|              
Бағдарламалардың әкiмшiсi                          |_______________________| 

Лауазым атауы

Бiр айдағы лауазымдық жалақы сомасы

Мемлекеттік органға шетелдік жұмыскерді тарту мерзімі

Бiр жылдағы негізгі еңбекақы жиыны 2х3-баған

1

2

3

4


 

мың теңге

ай

мың теңге

 мекеме басшысы                               ___________   ______________________________________
                                                        (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
 Бюджеттік бағдарлама басшысы    ___________   ______________________________________
                                                        (қолы)        (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жайдайда)
Бас бухгалтер (қаржы-экономикалық бөлімінің бастығы бастығы)
                 (қолы)                                     (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Полная версия
ИС BestProfi