1. «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Павлодар қаласының Солтүстік өнеркәсіп ауданының аумағында орналасқан.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.08.2021 жылғы № 558 Қаулысымен (19.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.01.2024 жылғы № 46 Қаулысымен (14.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)
1) химия, мұнай-химия салаларын, атап айтқанда жоғары технологиялық экологиялық қауіпсіз қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, қосымша құны жоғары экспортқа бағдарланған өнімдер өндірісін дамыту;
2) шикізатты тереңдете өңдеу және қосымша құны жоғары бәсекеге кеңінен қабілетті өнімді шығару бойынша химия, мұнай-химия салаларын құру мен дамыту жөніндегі серпінді инвестициялық жобаларды, ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық инновациялық жобаларды әзірлеу және іске асыру;
3) өндіру мен өткізудің бүкіләлемдік жүйесіне қазақстандық өнімнің интеграциялануын жүзеге асыру, халықаралық стандарттарға сәйкес инновациялық, бәсекеге қабілетті отандық өнім жасау;
4) химия және мұнай-химия салаларында тиімділігі жоғары және инновациялық өндірістер, соның ішінде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістер құру, өнімнің жаңа түрлерін шығаруды игеру;
5) қолайлы инвестициялық ахуал құру, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін отандық және шетелдік инвестициялар тарту мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктері негізінде химия, мұнай-химия салаларын кешенді дамыту;
9) металлургия өнеркәсібін және металл өңдеу саласын дамыту, атап айтқанда, әлемдік сауда таңбаларын өндірушілерді тарту жолымен дайын бұйымдарды өндіру;
10) тереңдете өңдеу және қосылған құны жоғары бәсекеге қабілетті өнімдерді кеңінен шығару жөніндегі әлемдік деңгейдегі өндіруші өнеркәсіп, оның ішінде металлургия, металл өңдеу, метал емес минералдық өнімдер, резина және пластмасса бұйымдары металлургия өнеркәсібі мен металл өңдеу салаларын құру мен дамыту жөніндегі серпінді инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыру мақсатында құрылған.
3. АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.05.2019 жылғы № 307 Қаулысына сәйкес (06.10.2017 ж. редакцияны қараңыз)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.01.2024 жылғы № 46 Қаулысына сәйкес (14.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)
3-1. АЭА құру мақсаттарына сәйкес келетін қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ қызметтің басым түрлерін көрсетілген тізбеге енгізу тәртібін арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.
1-тарау 3-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 14.08.2021 жылғы № 558 Қаулысына сәйкес
5. АЭА-ны басқару «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.05.2019 жылғы № 307 Қаулысына сәйкес (06.10.2017 ж. редакцияны қараңыз)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.01.2024 жылғы № 46 Қаулысына сәйкес (14.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)
7. АЭА аумағындағы кедендік реттеу Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
9. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен АЭА-ға қатысушы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес АЭА аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар АЭА аумағына орналастыруға және (немесе) пайдалануға арналған тауарларды орналастырады.
10. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады. АЭА аумағы кедендік бақылау жүргізу мақсатында жайластырылуға тиіс. АЭА аумағын жайластыруға қойылатын талаптарды, оның ішінде осындай аумақтың периметрін қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды кеден саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.01.2024 жылғы № 46 Қаулысына сәйкес (14.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)
11. АЭА аумағында Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен тауарларды уақытша сақтау орындары құрылуы мүмкін.
12. АЭА аумағында еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылмаған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары және өзге де кедендiк рәсiмдермен орналастырылған шетелдiк тауарлар орналастырылуы және пайдаланылуы мүмкiн.
13. АЭА аумағына әкелiнген және еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар кедендiк баждарды, салықтарды, сондай-ақ тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшiн Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк аумағынан тыс жерде орналасқан тауарлар ретiнде қаралады.
14. Тауарларды уақытша сақтауға, кедендiк декларациялауға, кедендiк тазартуға және шығаруға, сондай-ақ АЭА аумағында кедендiк бақылау жүргiзуге байланысты кедендiк операциялар Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
15. АЭА қызметін экологиялық реттеу бөлігінде жүзеге асыру Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және өмір сүру сапасын арттырудың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аспектілерінің теңгерімі негізінде тұрақты даму және қоршаған ортаны қорғауға көшу үшін жағдай жасау арқылы табиғи ресурстарды ұтымды және тиімді пайдалануға негізделеді.
17. АЭА-ны мерзiмiнен бұрын тарату «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.05.2019 жылғы № 307 Қаулысына сәйкес (06.10.2017 ж. редакцияны қараңыз)
17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.01.2024 жылғы № 46 Қаулысына сәйкес (14.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)
18. АЭА-ның осы Ережемен реттелмеген қызметі Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Павлодар» арнайы
экономикалық аймағы
туралы ережеге
қосымша
Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.08.2021 жылғы № 558 Қаулысына сәйкес (19.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.01.2024 жылғы № 46 Қаулысына сәйкес (14.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)
«Павлодар» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары
Нысаналы индикаторлар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 19.02.2021 жылғы № 78 Қаулысына сәйкес (22.05.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Нысаналы индикаторлардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.08.2021 жылғы № 558 Қаулысына сәйкес (19.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)