Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.05.2025
«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 16 қарашадағы № 670 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет Министірлігінде 2017 жылы  20 қарашада № 15999 тіркелген
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 18.04.2025 жылғы № 180 Бұйрығына сәйкес 
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:  
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:  
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:  
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:  
1 «Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар» функционалдық кіші тобында:  
104 «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:  
002 «Мемлекеттік органдарда және мекемелерде ақпаратты қорғау қамтамасыз ету және ұйымдастыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:  
«002 Мемлекеттік органдарда және мекемелерде ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету және ұйымдастыру жөніндегі қызметтер»;  
2 «Қаржылық қызмет» функционалдық кіші тобында:  
242 «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:  
209 «Тұрғын-үй құрылыс жинақтары үлестері бойынша төлем ақы төлеу» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:  
«209 Тұрғын-үй құрылыс жинақтарына салымдар бойынша  өтемақылар төлеу»;  
4 «Iргелi ғылыми зерттеулер» функционалдық кіші тобында:  
225 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:  
217 «Ғылымды дамыту» бюджеттік бағдарлама бойынша:  
мынадай мазмұндағы 107 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:  
«107 Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жұмысын жалғастыру туралы Келісімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету»;  
9 «Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер» функционалдық кіші тобында:  
Полная версия
ИС BestProfi