Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 25.10.2020
«Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы29 мамырдағы № 673 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 22 қарашадағы № 805 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 11 желтоқсанда № 16076 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 25 қазаннан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.10.2020 жылғы № 515 Бұйрығына сәйкес 
1. «Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11369 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) немесе Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11369 болып тіркелген) «Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 10-1-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап (бұдан әрі – бас тарту).
4. Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін негіз стандарттың 9-тармағына сәйкес өтінішті ұсыну болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімдердің (іс-қимылы) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері өтінішті тіркеу нөмірін және күнін белгілей отырып 2 сағат ішінде қабылдауы (өтініш қағаз тасығышта берілген жағдайда) және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оның орынбасарына қарау үшін беруі;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының өтінішті қарастыруға жауапты құрылымдық бөлімшені 2 сағат ішінде айқындауы;
3) құрылымдық бөлімшенің басшысының өтінішті қарастыруға көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысын (бұдан әрі – жауапты орындаушы) 2 сағат ішінде айқындауы;
4) жауапты орындаушының өтінішті белгіленген талаптарға сәйкестігін 2 сағат ішінде қарауы;
5) белгіленген талаптарға сәйкессіздіктер болған жағдайда 1 жұмыс күні ішінде бас тартуды беруді қамтамасыз етеді;
6) бас тартуға негіздер болмаған жағдайда жауапты орындаушы куәлікті 4 жұмыс күні ішінде беруді қамтамасыз етеді.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:
1) куәлікті не бас тартуды ресімдеу және құрылымдық бөлімше басшысымен келісу;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының куәлікке немесе бас тартуға қол қоюы;
3) қол қойылған куәлікті немесе бас тартуды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне беру.»;
«8. Әрбір рәсімді (іс-қимылды) орындау ұзақтығын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсетумен құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігін сипаттау:
Полная версия
ИС BestProfi