Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 04.04.2022
«Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 Қаулысы
Осы Қаулы 2022 жылғы 4 cәуірден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 16.03.2022 жылғы № 131 Қаулысына сәйкес
1. «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 62-63, 577-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«1. Осы Өрт қауіпсіздігі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының11-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленген және адамдарды, мүлікті, қоғам мен мемлекетті өрттен қорғау мақсатында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.»;
«50. Жеке тұрғын үйлерде осы Қағидалардың 143-147-тармақтарының талаптарына сәйкес құрғақ ыстық монша (сауна) үй-жайларын орнатуға жол берiледi.»;
«52. Саяжай кооперативтерiнiң, бау-бақша серiктестiктерiнiң, гараж кооперативтерiнiң аумағына өту жолдарында ҚР СТ Р МемСТ 12.4.026-2002 «Сигналдық түстер, қауіпсіздік белгілері және сигналдық белгілеулер. Жалпы техникалық шарттар және қолдану тәртібі» талаптарына сәйкес оларға қолданыстағы және салынып жатқан және уақытша ғимараттар (құрылыстар), өту жолдары, кiреберiстер, өрт сөндiрушiлердiң өту жолдары, өртке қарсы сумен жабдықтау көздерiнiң, өрт сөндiру және байланыс құралдарының, өрт техникасының орналасқан орны көрсетiлген схемалар iлiнедi.
Схемалар атмосфералық әсерге төзiмдi материалдан жасалады.»;
«65. Мыналарға:
1) қоралар мен басқа да шаруашылық құрылыстардың шатырларына;
2) электр жеткiзу желiлерiнiң астына;
3) учаскенiң сыртқы қоршауынан кемiнде 3 метр қашықтықта шөп шошақтарын, шөмелелерді, iрi жем-шөп маяларын, өзге де жанғыш заттар мен материалдарды жинауға жол берілмейді.
Көшелерде, жолдарда, аулалық учаскелерден тыс шөп шошақтарын, шөмелелерді, iрi жем-шөп маяларын орналастыруға жол берiлмейдi.»;
«83. Балалар мекемелерiнiң ғимараттарында мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың топтары (сыныптары) үшінші қабаттан жоғары орналастырылмайды.»;
«86. Оқу сыныптары мен кабинеттерiндегi парталар (үстелдер) саны жобалау құжаттамасында белгiленген саннан аспауы тиiс.»;
«5) иллюминация электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган бекітетін Электр қондырғыларын орнату қағидаларының (бұдан әрі – Электр қондырғыларын орнату қағидалары) талаптарын сақтай отырып орындалады. Төмендету трансформаторынсыз электрмен жарықтандыру желiсiн пайдаланғанда шыршада кернеуi 12 Вольтқа дейiн кезектесiп жанатын шамдары бар гирляндалар қолданылады. Шамдардың рұқсат етілген қуаты – 25 Ватт;»;
«102. Сайлау учаскесi телефон байланысымен қамтамасыз етiледi. Әрбiр телефон аппаратының жанында өртке қарсы қызметті шақыру телефонының нөмiрi бар тақташа орнатылады (iлiнедi).»;
«Биiктігі 28 метрден астам тұрғын үйді және қоғамдық ғимараттарды ұстау тәртiбi»;
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«254. Биіктігі 28 метрден астам ғимараттарда:»;
«6) автоматты өрт хабарлағыштары мен суландырғыштарды бояуға, ақтауға;»;
3-бөлімнің 2-тарауының орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
«514. Темiржол төгу-құю эстакадасында тез тұтанатын мұнай өнiмдерi үшiн өткел көпірлер жасырын бұрандамасы бар ағаш тіректермен немесе ұшқынның шығуын болдырмайтын басқа да материалдармен жабдықталады.»;
«1256. Жарылыс және өрт қауiптi үй-жайларда көмiрсутектердің шоғырлануын тұрақты бақылау үшiн жарық және дыбыс дабылы бар газ талдағыштар орнатылады.»;
«1) автоцистерналарға арналған жанармай құю алаңында көлемi кемiнде 100 литр жылжымалы ұнтақты өрт сөндiргiш орнатылады;»;
«1443. Ғимараттар мен құрылыстарды салу кезiнде жұмыс iстеу жобасында құрылыстың барлық кезеңiне өрт қауiпсiздiгi бойынша iс-шаралар көзделеді.»;
«1463. Жобалық құжаттамада қарастырылған сыртқы өрт сатылары, тiреушелер, түтік жалғау құбырлары мен салынып жатқан ғимараттардың жабындарындағы қоршаулар көтергiш құрылымдарды монтаждағаннан кейiн бiрден, ал биіктігі 50 метрден астам ғимараттарды салу кезінде – әрбір келесі қабаттың тұрғызылуына қарай орнатылады.
Жобалық құжаттамада көзделген түтік жалғау құбырларды монтаждау мүмкіндігі болмаған кезде әр қабатта өрт краны бар диаметрі 89 миллиметр уақытша түтік жалғау құбырлары орнатылады.
Ғимараттың тұрғызылуына қарай 50 метр және одан жоғары биіктікте орналасқан қабаттан бастап және одан жоғары мотопомпалары бар көлемі кемінде 3 текше метр уақытша аралық сыйымдылықтар орнатылады. Мотопомпалары бар уақытша аралық сыйымдылықтардың арасындағы аралық жоғары орналасқан қабаттарға өрт сөндіргіш заттарды беру кезінде қысымның жоғалуына байналысты есептеудің негізінде анықталады.»;
«1603. Ауа жылыту қондырғылары салынып жатқан ғимараттан кемiнде 5 метр қашықтықта орналастырылады.
Көлемi 200 литрден аспайтын отын құятын ыдыс қолданылады және ауа жылытқыштан кемiнде 10 метр және салынып жатқан ғимараттан кемiнде 15 метр қашықтықта орналастырылады. Отын ауа жылытқышқа металл құбыр арқылы берiледi.
Отын өткiзгiштерде зауытта шығарылған, отынның ағуын болдырмайтын қосқыштар мен арматура қолданылады. Жұмсалатын бактың отын өткiзгiшiнде өрт немесе авария болған жағдайда қондырғыға отын берудi тоқтату үшiн ысырма вентиль орнатылады.
Салынып жатқан ғимаратта пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын сақтаған жағдайда қатты отынмен жұмыс істейтін және кіріктірілген отын багы бар тасымалданатын немесе жылжымалы ауа жылытқыш аспаптарды қолдануға жол беріледі.»;
«Көбікті өрт сөндіргіштер ОВП-10»;
«Көлемі 2х1,5м өртке қарсы төсеме»;
«Өрт сөндіргіштер ОП-5»;
«Көлемі 2х2м өртке қарсы төсемелер»;
Өрт қауіпсіздігі қағидаларына 7-қосымшадағы кестенің сипаттамасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«**** Бірақ кемінде екі өрт сөндіргіш пен құмы бар бір жәшік. Құмы бар жәшікте көлемі 1,5x1,5 метр өртке қарсы төсеме болуы тиіс.»;
Өрт қауіпсіздігі қағидаларына 7-қосымшадағы кесте ескертпесінің 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда көзделген өртке қарсы жабдықтан басқа қоймалардың, уақытша ғимараттардың құрылысы аумағында мынадай өрт жабдығының (керек-жарағының) жинағы бар өрт сөндіру пункттері (шкафтар, қалқандар) орналастырылуы қажет, данада: балта – 2; сүймен және күрек – 2; темір багор – 2; қызыл түске боялған шелек – 2; өрт сөндіргіш – 2.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Полная версия