Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 28.04.2020
«Тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, мәртебе беру және мәртебесінен айыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 118 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 346 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 12 қаңтарда № 16214 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 28 сәуірден бастап ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.04.2020 жылғы № 92 Бұйрығына сәйкес   
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 14-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, мәртебе беру және мәртебесінен айыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 118 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10992 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, мәртебе беру және мәртебесінен айыру қағидаларында:
«3) тарих және мәдениет ескерткіштері – Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген, халықтың өткен тарихымен, қоғам мен мемлекеттің дамуымен байланысты, адам жасаған немесе адам мен табиғаттың бірлескен туындысы болып табылатын жекелеген кесендер, ғимараттар, құрылыстар мен ансамбльдер, тарихи-мәдени ландшафттар және басқа да көрікті жерлер.»;
«10. Уәкілетті орган қарау барысында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 219 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4933 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2007 жыл) бекітілген Тарихи-мәдени сараптама жүргізудің ережесіне сәйкес (бұдан әрі – Сараптама жүргізу ережесі) тарихи-мәдени сараптаманың жүргізілуін қамтамасыз етеді.»;
15-тармақтың екінші бөлігіне орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
«16. Алдын ала есепке алу тізіміне енгізілген, жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени мұра объектілеріне ескерткіш мәртебесін беру үшін жергілікті атқарушы орган Сараптама жүргізу ережесіне сәйкес тарихи-мәдени сараптама жүргізеді.»;
«18. Археологиялық ескерткіштер анықталған кезден бастап тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесіне ие болады.»;
«21. Республикалық маңызы бар ескерткіш мәртебесін айыру үшін жергілікті атқарушы орган уәкілетті органға республикалық маңызы бар ескерткіш мәртебесін айыру туралы ұсыныс хатты төмендегі құжаттармен қоса жолдайды:
1) тарих және мәдениет ескерткішінің төлқұжаты, есеп карточкасы;
2) тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау міндеттемесі.»;
«25. Жергілікті маңызы бар ескерткіш мәртебесінен айыру үшін жергілікті атқарушы орган Сараптама жүргізу ережесіне сәйкес тарихи-мәдени сараптама жүргізеді.».
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) ресми жарияланған күннен кейін екі жұмыс күні ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы
Полная версия
ИС BestProfi