Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 11.02.2019
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2017 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 900 бұйрығына
8-қосымша
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Осы Ереже күшін жойды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 11.02.2019 жылғы № 69 Бұйрығына сәйкес
Редакция 24.08.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Департамент) «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Комитет) Батыс Қазақстан облысы бойынша техникалық реттеу және өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы, сәйкестікті бағалау саласында және бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын бақылауды жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады.
2. Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент мемлекеттiк мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi бар.
4. Департамент, егер осыған уәкiлеттiк берілген болса, өз атынан және Комитеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
5. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша Департамент басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
6. Аумақтық бөлімшенің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің келісімен Республикасы Инвестициялар және даму министрілігінің жауапты хатшысымен бекітіледі.
мемлекеттік тілде – «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде – Республиканское государственное учреждение «Департамент Комитета технического регулирования и метрологии Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан по Западно-Казахстанской области».
8. Департаменттің орналасқан орны: 090006, Орал қаласы, Х. Чурин көшесі, 116-үй.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 31.07.2018 жылғы № 547 Бұйрығына сәйкес (27.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
9. Департаменттің құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан мемлекет болып табылады.
10. Департамент қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
11. Егер Департаментке заңнамалық актiлермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
12. Департаментке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Департаменттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.
2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары,құқықтары мен міндеттері
13. Міндеті: техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету, аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасы саласында және бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында бақылау.
1) тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге, тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібін сақтауға уәкілетті ұйымның қызметін және ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібін сақтау үшін уәкілетті органның (ұйымның) қызметіне жыл сайын тексеру жүргізу, Кеден одағы тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындау арқылы бақылауды жүзеге асыру;
2) мемлекеттiк метрологиялық бақылауды ұйымдастырады және жүргізу;
3) тамақ өнімі қауіпсіздігінің саласын қоспағанда, техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
4) Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру.
5) асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды, бағалы металдардан жасалған монеталарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
6) зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
7) асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды, бағалы металдардан жасалған монеталарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету кезінде тауардың әрбір партиясына мемлекеттік бақылау актісін беру;
8) асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуді жүзеге асыру бойынша қызметті бастау немесе тоқтату туралы жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды арнайы есепке қою туралы құжат беру;
9) өңделмеген табиғи алмастарды сертификаттаудың халықаралық схемасының (Кимберлий процесінің сертификаты) сертификатын беру;
10) асыл тастар, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымы саласында, сондай-ақ бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу аясында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану;
11) өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін оның нәтижелері бойынша өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкес келетіні немесе сәйкес келмейтіні туралы шешім қабылданып, тексерілетін тұлғаға бару мүмкіндігі арқылы бақылаудың өзге нысаны тәртібімен рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру;
12) лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсаттарды иеленушілердің рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгеннен кейін (қызметті жүзеге асыру процесінде) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын сақтауын рұқсаттық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер арқылы жүзеге асыру.
15. Департаменттің құқықтары мен міндеттері:
1) заңнамада белгiленген тәртiпте мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажеттi ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
16. Департаментті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын басшы басқарады.
17. Департамент басшысына демалыс беру, материалдық көмек көрсету, дайындау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстеме ақы және сыйақы төлеу мәселелері Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысының бұйрығымен ресімделеді.
18. Басшы Департаменттің жұмысын ұйымдастырады және оған жетекшілік етеді және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және өзінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
1) өз орынбасарларының және Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері мен жауапкершілігін айқындайды;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департамент қызметкерлерін өз орынбасарларын қоспағанда лауазымға тағайындайды және босатады;
3) заңнамамен белгіленген тәртіппен Департамент қызметкерлеріне өз орынбасарларын қоспағанда, тәртіптік жаза береді және көтермелеу шараларын қолданады;
4) Департамент мүддесін басқа мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда білдіреді;
5) Департамент бұйрықтарына қол қояды;
6) Департаменттің жұмыс жоспарын бекітеді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
20. Департаменттің заңнамада көзделген жағдайларда шұғыл басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.
21. Департаментке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Департамент өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi дербес иелiктен шығармайды немесе өзге тәсiлмен иелік етпейді.
5. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату
23. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Полная версия
ИС BestProfi