Близость слов: Окончание:





Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде 2018 жылғы 1 ақпанда № 16299 болып тіркелді
Осы Бұйрыққа өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 28.07.2025 жылғы № 121 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 01.03.2026 жылдардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 01.09.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 4 және 5-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Преамбула жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 28.07.2025 жылғы № 121 Бұйрығына сәйкес (17.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесі бекітілсін.
2. «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 110 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12705 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 11 ақпанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті заңмен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықтың ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 25.08.2020 жылғы № 131 Бұйрығына сәйкес (16.01.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігінің төрағасы А. Шпекбаев
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі
төрағасының 2018 жылғы
16 қаңтардағы № 13
бұйрығына 1-қосымша
«А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі
Әдістеме өзгертілді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 25.08.2020 жылғы № 131 Бұйрығымен (16.01.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Әдістеме өзгертілді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 11.03.2021 жылғы № 47 Бұйрығымен (25.08.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Әдістеме өзгертілді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 23.09.2022 жылғы № 205 Бұйрығымен (24.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Әдістеме өзгертілді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 05.01.2023 жылғы № 1 Бұйрығымен (23.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Әдістеме өзгертілді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 17.05.2023 жылғы № 113 Бұйрығымен (08.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Әдістеме жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 28.07.2025 жылғы № 121 Бұйрығына сәйкес (17.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады)
1. Осы «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – «А» корпусының қызметшілері) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.
2. «А» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының сапасы мен тиімділігін айқындау үшін өткізіледі.
Бағалау «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) арқылы жүргізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi