Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 140 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 21 ақпанда № 16409 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 29.03.2021 жылғы № 265 Бұйрығына сәйкес (21.09.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрық 2025 жылғы 16 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 29.04.2025 жылғы № 208 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 65-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 05.03.2022 жылғы № 249 Бұйрығына сәйкес (29.03.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 29.03.2021 жылғы № 265 Бұйрығына сәйкес (21.09.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 21.09.2018 жылғы № 839 Бұйрығымен (08.02.2018 ж. редакцияны қараңыз(мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 02.10.2018 жылы тіркелді
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 29.03.2021 жылғы № 265 Бұйрығына сәйкес (21.09.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 05.01.2023 жылғы № 4 Бұйрығына сәйкес (05.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 65-1 бабына сәйкес әзірленді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 05.03.2022 жылғы № 249 Бұйрығына сәйкес (29.03.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қағидалар бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау тәртібін айқындайды.
4. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының жеткізілген лимиттері шегінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі өз қызметінің басымдықтарын, ұлттық жобаларды іске асыруды ескере отырып, бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша шығыстарды дербес бөледі.
4-тармақ өзгертілді ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 05.01.2023 жылғы № 4 Бұйрығымен (05.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері шегінде ескерілмеген шығыстар макроэкономикалық сценарий мен кірістердің болжамы екінші кезеңде көрсеткіштерді жақсарту жағына өзгерген және (немесе) тиісті бюджет комиссиясына қорытынды дайындау барысында бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жекелеген шығыстарды қабылдамаған жағдайда бюджет жобасына енгізілуі мүмкін.