Близость слов: Окончание:





Есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және өндірушінің және (немесе) импорттаушының алкоголь өнiмiн өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидаларын, сондай-ақ осындай мiндеттеменi есепке алу тәртiбi мен қамтамасыз ету мөлшерiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 144 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 ақпанда № 16437 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 14.04.2022 жылғы № 410 Бұйрығына сәйкес (01.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.05.2022 жылдан бастап)
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 28.09.2022 жылғы № 998 Бұйрығына сәйкес (14.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 15.10.2022 жылдан бастап)
Редакция 28.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 172-бабы 15-тармағының 2) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 02.06.2020 жылғы № 561 Бұйрығына сәйкес (14.03.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 20.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 01.11.2021 жылғы № 1128 Бұйрығына сәйкес (02.06.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 14.04.2022 жылғы № 410 Бұйрығына сәйкес (01.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.05.2022 жылдан бастап)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 28.09.2022 жылғы № 998 Бұйрығына сәйкес (14.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 15.10.2022 жылдан бастап)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және өндірушінің және (немесе) импорттаушының алкоголь өнiмiн өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Өндірушінің және (немесе) импорттаушының алкоголь өнiмiн өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн есепке алу қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Өндірушінің және (немесе) импорттаушының алкоголь өнiмiн өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн қамтамасыз ету мөлшерi бекітілсін.
2. «Акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнiмдерiн импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидаларын, сондай-ақ осындай мiндеттеменi есепке алу және қамтамасыз ету мөлшерiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 80 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14875 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 13 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Теңгебаев А.М.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 8 ақпандағы
№ 144 бұйрығына
1-қосымша
Есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және өндірушінің және (немесе) импорттаушының алкоголь өнiмiн өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидалары
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 14.03.2019 жылғы № 236 Бұйрығына сәйкес (08.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 02.06.2020 жылғы № 561 Бұйрығына сәйкес (14.03.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 01.11.2021 жылғы № 1128 Бұйрығымен (02.06.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 14.04.2022 жылғы № 410 Бұйрығына сәйкес (01.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.05.2022 жылдан бастап)
Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 28.09.2022 жылғы № 998 Бұйрығына сәйкес (14.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 15.10.2022 жылдан бастап)
1. Осы Есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және өндірушінің және (немесе) импорттаушының алкоголь өнiмiн өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 172-бабы 15-тармағының 2) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 28.09.2022 жылғы № 998 Бұйрығына сәйкес (14.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 15.10.2022 жылдан бастап)
1) алкоголь өнімін (толысылған шарапты және сыра қайнату өнімін қоспағанда) (бұдан әрі – алкоголь өнімі) өндіру бойынша қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың, Қазақстан Республикасының аумағына алкоголь өнімін импорттайтын Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғалардың, борышкердің мүлкін (активтерін) өткізу кезінде банкроттықты және оңалтуды басқарушылардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) алкоголь өніміне есепке алу-бақылау маркаларын (бұдан әрі – ЕБМ) алу, есепке алу, сақтау, беру;
Полная версия
ИС BestProfi