«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 2-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына және 16-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында реттелмеген бөлігінде кедендерді, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін құру, санатқа бөлу, сыныптау қағидаларын, сондай-ақ оларды жайластыру мен материалдық-техникалық жарақтандырудың тиесілік нормаларын және оларға қойылатын үлгілік талаптарды, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдары мен мемлекеттік кірістер органдарының жүйесіне кіретін мамандандырылған мемлекеттік мекемелер орналасқан жерлерде және аумағында кедендік операциялар жасалуы және кедендік бақылау жүргізілуі мүмкін өзге жерлерде кедендік инфрақұрылым элементтерін жайластыруға және техникалық жарақтандыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 250 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 наурызда № 16520 болып тіркелді
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында реттелмеген бөлігінде кедендерді, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін құру, санатқа бөлу, сыныптау, жайластыру мен материалдық-техникалық жарақтандыру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшағасәйкес кедендерді, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін жайластыру мен материалдық-техникалық жарақтандырудың тиесілік нормалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес кедендерді, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін жайластыру мен материалдық-техникалық жарақтандырудың оларға қойылатын үлгілік талаптары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдары мен мемлекеттік кірістер органдарының жүйесіне кіретін мамандандырылған мемлекеттік мекемелер орналасқан жерлерінде және аумағында кедендік операциялар жасалуы және кедендік бақылау жүргізілуі мүмкін өзге жерлерде кедендік инфрақұрылым элементтерін жайластыруға және техникалық жарақтандыруға қойылатын талаптар бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасының кедендерін, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін құру, санатқа бөлу, сыныптау қағидаларын, сондай-ақ оларды жайластыру мен материалдық-техникалық жарақтандырудың тиесілік нормаларын және оларға қойылатын үлгілік талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 205 бұйрығының (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 10811 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М.Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 250 бұйрығына 1-қосымша
Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында реттелмеген бөлігінде кедендерді, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін құру, санатқа бөлу, сыныптау, жайластыру мен материалдық-техникалық жарақтандыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында реттелмеген бөлігінде кедендерді, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін құру, санатқа бөлу, сыныптау, жайластыру мен материалдық-техникалық жарақтандыру қағидалары «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 2-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленген және Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында реттелмеген бөлігінде кедендерді, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін құру, санатқа бөлу, сыныптау, жайластыру мен материалдық-техникалық жарақтандыру тәртібін айқындайды.
2. Кедендер, кеден бекеттері және бақылау-өткізу пункттері сыныпталуына байланысаты, сыртқы экономикалық операциялардың көлемі бойынша, халықаралық қатынас түрі, мәртебесі, жұмыс режимі, қатынас сипаты, жұмыс істеу тәртібі бойынша санаттауға жатады.
Полная версия