Гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 177 қаулысы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 06.09.2022 жылғы № 652 Қаулысына сәйкес (11.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлардың тізбесі бекітілсін.
Гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлардың тізбесі
Осы Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 11.04.2019 жылғы № 187 Қаулысына сәйкес (09.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 28.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)