Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.12.2020
Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын және Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық көрсетілген қызметтердің құнын төлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2018 жылғы 29 наурыздағы № 138 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 30 наурызда № 16685 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 06.03.2019 жылғы № ҚР ДСМ-6 Бұйрығына сәйкес (06.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 19 желтоқсаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.11.2020 жылғы № ҚР ДСМ-210/2020 Бұйрығына сәйкес
Редакция 20.07.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 25-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық көрсетілген қызметтердің құнын төлеу қағидалары бекітілсін.
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 06.03.2019 жылғы № ҚР ДСМ-6 Бұйрығына сәйкес (06.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін ақтарушы Л. Ақтаева
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2018 жылғы 29 наурыздағы
№ 138 бұйрығына
1-қосымша
Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидалары
1. Осы Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі – Денсаулық туралы кодекс) 25-бабының 3-тармағына сәйкес және оларды сатып алу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15604 болып тіркелген) Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде (бұдан әрі – ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (бұдан әрі – МӘМС) денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 жылғы № ҚР ДСМ-23 Бұйрығына сәйкес (06.03.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 06.12.2018 жылғы № ҚР ДСМ-35 Бұйрығына сәйкес (06.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.12.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 06.03.2019 жылғы № ҚР ДСМ-6 Бұйрығымен (06.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 жылғы № ҚР ДСМ-23 Бұйрығына сәйкес (06.03.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) ағымдағы мониторинг – ақпараттық жүйелерде және (немесе) денсаулық субъектісіне бару арқылы тұрақты негізде жүргізілетін ағымдағы есепті кезеңдегі медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемін бағалаудан тұратын сапа мен көлемге мониторинг жүргізу түрі;
Полная версия
ИС BestProfi