2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 72-бабының 2-тармағына, 74-бабының 3-тармағы мен 180-бабының 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2021
In vitro диагностикасы үшін медициналық бұйымдарға клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер, клиникалық зерттеулер, клиникалық-зертханалық сынаулар жүргізу қағидалары, сондай-ақ клиникаға дейінгі және клиникалық базаларға қойылатын талаптарды және «Фармакологиялық және дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды клиникалық зерттеуді және (немесе) сынауды жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсетуді бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 142 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 17 сәуірде № 16768 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 1 қантардан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.12.2020 жылғы № ҚР ДСМ-248/2020 Бұйрығына сәйкес Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 24.06.2019 жылғы № ҚР ДСМ-96 Бұйрығына сәйкес (02.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.06.2020 жылғы № ҚР ДСМ-60/2020 Бұйрығына сәйкес (24.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 30.06.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған In vitro диагностикасы үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер, клиникалық зерттеулер, медициналық бұйымдарға клиникалық-зертханалық сынаулар жүргізу қағидаларын, сондай-ақ клиникаға дейінгі және клиникалық базаларға қойылатын талаптарды және «Фармакологиялық және дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды клиникалық зерттеуді және (немесе) сынауды жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 24.06.2019 жылғы № ҚР ДСМ-96 Бұйрығына сәйкес (02.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.06.2020 жылғы № ҚР ДСМ-60/2020 Бұйрығына сәйкес (24.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмелерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
5) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 142 бұйрығына 1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 24.06.2019 жылғы № ҚР ДСМ-96 Бұйрығына сәйкес (02.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.06.2020 жылғы № ҚР ДСМ-60/2020 Бұйрығына сәйкес (24.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
In vitro диагностикасы үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер, клиникалық зерттеулер, медициналық бұйымдарға клиникалық-зертханалық сынаулар жүргізу қағидалары, сондай-ақ клиникаға дейінгі және клиникалық базаларға қойылатын талаптар және «Фармакологиялық және дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды клиникалық зерттеуді және (немесе) сынауды жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. In vitro диагностикасы үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер, клиникалық зерттеулер, медициналық бұйымдарға клиникалық-зертханалық сынаулар жүргізу қағидалары, сондай-ақ клиникаға дейінгі және клиникалық базаларға қойылатын талаптар (бұдан әрі - Қағидалар) және «Фармакологиялық және дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды клиникалық зерттеуді және (немесе) сынауды жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 72-бабының 2-тармағына және 74-бабының 3-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және In vitro диагностикасы үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер, клиникалық зерттеулер, медициналық бұйымдарға клиникалық-зертханалық сынау жүргізу тәртібін айқындайды, сондай-ақ клиникаға дейінгі және клиникалық базаларға қойылатын талаптарды және мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидалар:
1) дәрілік заттарға клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулерді және медициналық бұйымдардың биологиялық әсерін бағалауды зерттеуді (сынау) қамтитын клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулерге;
Полная версия

