Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 04.08.2025
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 мамырдағы № 294 қаулысы
Осы Қаулы 2025 жылғы 4 тамыздан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 21.07.2025 жылғы № 551 Қаулысына сәйкес 
Редакция 07.06.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 27-28, 168-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидалары:  
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
«13-1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың қаулыларында көзделген әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған іс-шараларға төтенше резервтен бөлінетін шығыстарды қаржыландыруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері негіздейтін құжаттарды ұсынуына қарай, тиісінше бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар жүзеге асыруы мүмкін.»;
«44. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен бөлінген ақшаны алушы бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жыл қорытындылары бойынша тиісінше бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдарға олардың пайдаланылуы, орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есеп беруге тиіс.»;
2) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.05.2025 жылғы № 359 Қаулысымен (25.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Полная версия
ИС BestProfi