Близость слов: Окончание:





Ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттерді сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына кәсіби өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 13 шілдедегі № 514 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 тамызда № 17281 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 20.08.2025 жылғы № 342 Бұйрығына сәйкес (26.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 06.09.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 75) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2020 жылғы № 218 Бұйрығына сәйкес (25.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.03.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 20.08.2025 жылғы № 342 Бұйрығына сәйкес (26.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттерді сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына кәсіби өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 20.08.2025 жылғы № 342 Бұйрығына сәйкес (26.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) «Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 246 бұйрығының 1-тармағы 2) тармақшасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10831 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 маусымда жарияланған);
2) «Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 246 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 1108 бұйрығының 1-тармағы 3-40 абзацтарының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14749 болып тіркелген, 2017 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолдауды;
4) осы бұйрықты оны ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ. Қасымов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
 ________________ Д. Абаев
2018 жылғы 20 шілде
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
 ________________ Т. Сүлейменов
2018 жылғы 20 шілде
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 13 шілдедегі
№ 514 бұйрығымен
бекітілген
Ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттерді сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына кәсіби өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 10.12.2018 жылғы № 896 Бұйрығымен (13.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 31.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 25.10.2019 жылғы № 928 Бұйрығымен (10.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2020 жылғы № 218 Бұйрығымен (25.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.03.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 04.02.2021 жылғы № 59 Бұйрығымен (16.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.04.2022 жылғы № 95 Бұйрығымен (04.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.06.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 26.12.2022 жылғы № 334 Бұйрығымен (01.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 20.08.2025 жылғы № 342 Бұйрығына сәйкес (26.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi