Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгілік кодексін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 5 қазандағы № 21 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 12 қарашада № 17726 болып тіркелді
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 182-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 17.11.2021 жылғы № 102 Бұйрығына сәйкес (05.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгілік кодексі
Үлгілік кодексі өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 17.11.2021 жылғы № 102 Бұйрығымен (05.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Үлгілік кодексі өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.03.2022 жылғы № 28 Бұйрығымен (17.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Үлгілік кодексі өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.07.2022 жылғы № 49 Бұйрығымен (30.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Үлгілік кодексі өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 08.09.2022 жылғы № 63 Бұйрығымен (15.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Үлгілік кодексі жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 23.04.2024 жылғы № 19 Бұйрығына сәйкес (08.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгілік кодексі (бұдан әрі – Кодекс) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік мүлік туралы заң) 182-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекет бақылайтын акционерлік қоғам (бұдан әрі – Қоғам) ішіндегі және басқа да мүдделі тараптармен қатынастарда корпоративтік басқару тәсілдерін айқындайды.
2) акционерлердің жалпы жиналысы – Қоғамның жоғары органы. Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу тәртібі «Акционерлік қоғамдар туралы» (бұдан әрі – Акционерлік қоғамдар туралы заң) Қазақстан Республикасының Заңында және Қоғамның Жарғысында айқындалады;