Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.06.2025
«Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 22 қарашадағы № 1020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 26 қарашада № 17775 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылдың 27 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 17.06.2025 жылғы № 290 Бұйрығына сәйкес
1. «Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14623 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 11 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Бюджеттiк мониторинг жүргізу нұсқаулығында:
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
«11-1. Тиісті қаржы жылындағы түсімдер бойынша талдамалық есепте осы Нұсқаулыққа 2-1-қосымшаға сәйкес нысанда Қазақстан Ұлттық банкінің төлем құжаттары негізінде шетел валютасындағы шоттар бағдармалық сыртқы қарыз қаражатар бойынша деректер көрсетіледі.»;
«16. Өңірлер бөлінісінде жыл басынан бастап республикалық және жергілікті (облыс бюджеті, аудан бюджеті) бюджеттер кірістерінің жоспарлы көрсеткіштерінің орындалмау себептерін талдау осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.»;
«Бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар тоқсан сайын (І тоқсанның қорытындыларынан бастап) есепті тоқсаннан кейінгі 25-і күніне дейін және қаржы жылының қорытындылары бойынша – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 25 ақпанынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе тиісті жергілікті атқарушы органдарға осы Нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің шығыс бөлігінің атқарылуы туралы талдамалы есепті ұсынады.»;
30-тармақтың екінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) 12-бағанда бюджет шығыстары жөніндегі бір жылдағы күтілетін атқарылуды әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша 1 тамыздағы жағдай бойынша және ағымдағы жылдың соңына дейін бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептен бастап көрсетіледі;»;
«1) Республикалық бюджеттен трансферттер (кредиттер) есебінен іске асырылатын және жергілікті бюджеттен бөлінген даму мен кредиттерге арналған нысаналы трансферттерді, нысаналы ағымдағы трансферттерді іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есептерді:
есепті айға – ай сайын есептіден кейінгі айдың 4-і күнінен кешіктірмей;
есепті жылға – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 18 қаңтарынан кешіктірмей 2-НТББӘ нысаны бойынша осы Нұсқаулықтың 14-қосымшасына сәйкес;»;
38-1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Республикалық бюджеттен трансферттер (кредиттер) есебінен іске асырылатын және аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен бөлінген даму мен кредиттерге арналған нысаналы трансферттерді, нысаналы ағымдағы трансферттерді іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есептерді:
есепті айға – есепті айдан кейінгі айдың 4-нен кешіктірмей;
есепті жылға – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 18 қаңтарынан кешіктірмей осы Нұсқаулыққа 15-1-қосымшаға сәйкес 2-НТАО нысаны бойынша;»;
Полная версия
ИС BestProfi