Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу мөлшерін белгілеу туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1110 және «Адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі тегін заң көмегін есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1150 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 833 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу мөлшерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1110 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 75-76, 561-құжат);
2) «Адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі тегін заң көмегін есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1150 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 80-81-82, 593-құжат).
2. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Полная версия
ИС BestProfi