Близость слов: Окончание:





Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидаларын және Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзгеше беруге) рұқсатты беру бойынша рұқсат беру талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 104/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 20 желтоқсанда № 17973 болып тіркелді
Редакция 01.08.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 1-тармағы 2-1) және 4) тармақшаларына және 38-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидаларынжәне Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішіндеөзгеше беруге) рұқсатты беру бойынша рұқсат беру талаптарынжәне оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпарат және киберқауіпсіздікқызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары Д.Е. Ерғожинге жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы К. Мәсімов
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрлігі
 2018 жылғы «___» ______________
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
 2018 жылғы «___» ______________
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2018 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 104/қе бұйрығымен
бекітілген
Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидалары және Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзгеше беруге) рұқсатты беру бойынша рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі
1. Осы Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидалары және Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзгеше беруге) рұқсатты беру бойынша рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі(бұдан әрі – Қағидалар мен рұқсат беру талаптары) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабына сәйкес әзірленген.
2. Қағидалар мен рұқсат беру талаптары ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзгеше беруге) рұқсатты беру, рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру рәсімдерін, сондай-ақ өтініш берушілерге және екінші санаттағы рұқсатты иеленуші оларға рұқсатты алуға өтініш беру кезінде қойылатын рұқсат беру талаптарын регламенттейді.
3. Осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарында мынадай ұғымдар қолданылады:
1) екінші санаттағы рұқсатты иеленуші – екінші санаттағы жарамды рұқсаты бар жеке немесе заңды тұлға;
Полная версия
ИС BestProfi